Би байқауының жүлдегері атанды

«Көкшетау» мәдениет сарайының «Он алты қыз» халықтық би ансамблі халықаралық байқау жеңімпазы атанды.
Пандемияға байланысты Түркиядағы Халықаралық жастар мен спорт күні 19 мамырда ОNLINE би және музыка байқауымен атап өтілді. Байқаудың мақсаты: әртүрлі елдердегі жастар арасындағы шығармашылық бірлік, ынтымақтастық қолдау, достық және қарым-қатынасты нығайту. «Он алты қыз» халықтық би ансамблінің өнерпаздары 14-17 жас аралығындағы топта «халық хореографиясы» номинациясына қатысу үшін алдын ала жазылған бейнежазбаны жіберді. Нәтижесінде Ажар Қайыргельдина «стильдендірілген халық биінде» «Ана жүрегі» биімен, Динара Ілиясова «Кербез би» биімен «фольклорлық халық биінде» Гран-при дипломдарына ие болды. Ансамбль жетекшісі Мадина Досмағанбетова қатысушыларды дайындағаны және жастардың шығармашылық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапатталды. Бұған дейін де түрлі би конкурстарына қатысып, алдыңғы орындардан көрініп жүрген бишілер ұжымы үздіксіз дайындық пен тәжірибенің арқасында осындай нәтижеге қол жеткізгендерін айтуда.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий