Би элементтерінен өз нақышымды іздеймін

Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайының би ұжымдарына шеберлік сағаттарын өткізіп, бірнеше қойылымдық композициялар дайындаумен айналысып жүрген Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, педагогика ғылымдарының кандидаты, Шәмші Қалдаяқов атындағы Түркістан облыстық филармониясының «Қазына» ұлттық би ансамблінің көркемдік жетекшісі және балетмейстері Зәуре Әжібекова сұлу өлкеге ғашықпын дейді. Бұл жердің табиғаты әсем болғандықтан, адамдары да әдемі. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен тығыз қарым-қатынаста жүрген дарын иесі осында жұмыс істеуге әрдайым дайын екенін жеткізді. Өйткені, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара, жан-тәнімен еңбек ететін жандармен кез келген іс өзінің нәтижесін береді.

Зәуре Әжібекованың көкшетаулық өнерпаз-дармен жұмыс істеп келе жатқанына жеті жылдан асты. Осы уақыт аралығында би ұжымдарымен түрлі мерекелік шараларға бағдарламалық қойы-лымдар дайындауға көмектесті. Бұл күндері «Достар» мәдениет сарайындағы «Асыл мұра» халықтық би ансамблі және «Арабеск» балет студиясымен дайындық жүргізіп жатыр. Үш композиция алда келе жатқан үлкен мерекелік шараларда көрерменге ұсынылатын болады. Басты тақырып – Ұлы даланың жеті қыры, соның ішінде Көкшенің көркем табиғаты, сыр тұнған өлкедегі құпиясын жасырған биші қайыңдар, айна көлдер, тылсымы көп тау мен тас. Көркем образды бейнелейтін ұлттық сахна өнеріндегі шебер өзін Шара Жиенқұлованың шәкіртімін дейді. Себебі, сол кісінің би қимылдарын қолданады және өз жанынан да түрлі композицияларды ойлап табады. – Көпшілік биді оңай көреді. Ал, әр бидің өз мағынасы бар, ол кішігірім қойылым секілді. Қыз-жігіттер музыканың мағынасын ашып, мазмұнын қимыл-әрекет арқылы жеткізуге тырысады. Сол себепті қайта-лау кездеспейді дейді биші. Өйткені, шебер сахналық қойылымға тыңғылықты дайындалады. Тақырыпқа терең бойлауға тырысады. Әр қимыл-қозғалысқа қатысты әуенді таңдайды. Бір композицияда бірнеше тақырып алынған болса, музыка да бір деммен шығуы тиіс, яғни ол үзіл-мейтін саз сияқты бірінен кейін бірін іліп әкетіп жатады. Зәуре Әжібекова жетекшілік ететін «Қазына» би ансамблі 12 адамнан ғана құралған. Алты қыз, алты жігіттен тұрады. Бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанған ұжымға қандай талап қойса, көкшелік би ұжымдарынан да соны талап етеді. Ең бастысы, адамды өзіңе сенім артуға үйрете білу дейді шебер. Сонда жұмыс істеу оңайға түседі. Кез келген баланы би қимылдарына баулуға болады. Ол хореографтың шеберлігіне байланысты. Ал, көкшелік би ұжымдары шыңдалып келеді дейді Зәуре Әжібекова. Оларды түрлі деңгейдегі байқауларға көбірек қатыстыру керек. Бәсекеге түскен сайын қабілеттері де арта түседі.

Гәкку Бәйішева.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий