Блок-бекеттерде жұмыс істеуде

Нұр-Сұлтан қаласындағы коронавирусқа қарсы іс-қимылға Ақмола облысының дәрігерлері де үлес қосуда.
Елордаға үш санитарлық дәрігер мен 12 фельдшер блок-бекеттерде жұмыс істеуге жіберілді. Медициналық топқа санитарлық дәрігер Балғаным Балқанова жетекшілік етуде. Ақ халаттылар бекеттерде күндіз-түні кезекшілік етуде, әр ауы-сым 8 сағаттан. 20 наурыздан қызметке кіріскен мамандардың басты мақсаты коронавирустың таралуын тоқтату. – Блок-бекеттерде 15 санитарлық дәрігер қызмет етуде. Бұл міндетті санитарлық қызмет мамандары атқаруда. Олар күндіз-түні тынымсыз еңбектенуде. Оларға тамақтану, тұратын жер мен өзге де жағдайлар жасалған, – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов.
Дәрігерлермен бірге полиция қызметкерлері де қалтқысыз қызмет атқаруда. – Блок-бекеттер 22 наурыздан бері Астанадан 30 шақырым радиустарда жұмыс істеп тұр. Біз арнайы рұқсаты бар көлік иелерін ғана өткіземіз, – дейді патрульдік полиция ротасының аға инспекторы Мақсат Жаманбаев.
Құқық қорғаушылар сауда жүйелері мен азық-түлік дүкендерінің үзіліссіз жұмыс істеп тұруын да қадағалайды. – Пост-бекеттерде 100-ден аса полиция қызметкерлері еңбек етуде. Олар көлік жүргізушілеріне карантин режиміндегі талаптарды түсіндіруде. Полицейлер Елордаға азық-түлік пен дәрі-дәрмек тасымалдайтын көліктерді бақылап, өткізуде, – дейді Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Бұл уақытша іс-шаралар азаматтардың қауіпсіздігі мен қауіпті вирустың өзге қалалар мен елді мекендеріне таралма-уын қамтамасыз етеді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий