Бозкілемде балуандар белдесті

Белгілі қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Еркін Әуелбековты еске алуға арналған турнирге көрші Ресей мен Қырғызстаннан, еліміздің көптеген өңірлерінен 300-ге жуық жасөспірім балуан жиналды.

Осынау байрақты бәсекенің ашылу салтанатында Еркін Әуелбековтен тәлім алған, бүгіндері самайларын ақ шалған ардагерлер танымал тұлғаның терең білімі, ұйымдастырушылық қабілеті жайлы тебірене айтты. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Көкше өңірінің спортшылары ауыр атлетика, бокс, күресте жоғары нәтижелерге қол жеткізген. Мұны аға буын өкілдері сол тұста Еркін Әуелбековтың спортқа айрықша көңіл бөлгендігімен байланыстырады. Екі күн бойы бозкілемде балуандар алма-кезек күресіп, мықтылары алдағы кездесулерге жолдама алды. Сайыс қорытындысында грек-рим күресі бойынша Ақмола облысының командасы 18 жүлде – 4 алтын, 5 күміс, 9 қола медаль иеленді. Еркін күрес бойынша да 4 алтын, 5 күміс, 9 қола медальға қол жеткізді. Барлық жүлдегерлерге ұйымдастыру комитетінің атынан медальдар мен грамоталар, жеңімпаздардың бапкерлеріне бағалы сыйлықтар табыс етілді. Қоғам қайраткері Еркін Әуелбековтың рухын асқақтатқан осынау балуандар белдесуін өткізуге қала әкімі Е.Маржықпаев қолдау көрсетті.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий