Боксшы қыздар Суперкубок иеленді

Қыздардың ұлттық құрама командасы елімізге 11 медальмен оралады. Оның 5-уі алтын, 1-і күміс және 5-уі қола. Сербияның Сомбор қаласында қаңтардың 16 мен 20 аралығында бокстан «Ұлт кубогы» халықаралық турнирі өтіп, оған әлемнің 20 елінен 170 боксшы қатысқан еді. Қазақстанның құрама командасы жасөспірім, жастар және ересектер командаларын алып барған еді. Нәтижесінде бұрымды боксшылар намысты қолдан берген жоқ. Олардың қатарында біздің жерлестеріміз Дина Жоламан – алтын медальға, Мөлдір Базарбаева – қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, ересектер арасында Алуа Балқыбекова, Ангелина Лукас, Римма Волосенко, Ләззат Күнгейбаеваға тең келетін ешкім болмады. Жасөспірімдер арасында Жібек Жарасқызы, Айжарық Шерихан мен Ксения Древал, жастар арасында Мария Гладкова, Әнел Сақыш пен Әнел Құдайберген қарсыластарынан басым түсті.Нәтижесінде қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында бірінші орынға шығып, турнирдің Суперкубогын жеңіп алды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий