Бокс саңлағымен кездесті

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев бокстан WBC CISBB Silver нұсқасы бойынша чемпион Ержан Залиловпен кездесті.

Қала басшысы спортшыны бокстағы жеңісімен және 25 жасқа толған туған күнімен құттықтап, естелік сый-сияпат тарту етті. Бұдан әрі жаттығулар мен кездесулер, спорт әлемінің айшықтары жайлы әдемі әңгіме өрбіді. Е.Залилов былғары қолғап шеберлерінің спорт саласындағы еңбектері, алдағы жоспарларымен бөлісті. Бірінші жартылай жеңіл салмақтағы титулды жекпе-жекте Ержан Залилов қарсыласы Айдын Елжановтан басым түсіп, жеңіске қол жеткізген болатын. Бүгінде боксшы Ержан Залилов кәсіби бокс рингінде ірі жетістікке қол жеткізген тұңғыш жерлесіміз. Спортшы 11 жекпе-жектің 10-ын жеңіспен, 1-уін тең аяқтады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий