Болашағымыз үшін дауыс береміз

Ақмолалық мәдениет саласының қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері алда өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

Облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының ұйымдас-тыруымен өткен шарада спикерлер әлемнің әр еліндегі саяси биліктің ауысу процестеріне талдау жүргізіп, сайлаудағы әр азаматтың конституциялық құқығын түсіндірді. Ұлт Көшбасшысының еңбегіне жан-жақты тоқталды. «Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасу жолында өлшеусіз еңбек сіңірді. Халықтың әл-ауқатын арттыруды бірінші кезекке шығарды. Ұлт Көшбасшысы өзіне жүктелген тарихи миссияны қалтқысыз атқарып келеді. Қазақстан егемендігін алып, туын тігіп, іргесін бекітіп қана қойған жоқ, әлем жұртшылығы таныған тұлғалы мемлекетке айналды, үлкен, мызғымас беделге ие болды. Соның бәрі – ел тізгінін берік ұстаған бірегей тұлға Елбасының арқасы. Кезектен тыс президенттік сайлау – елімізде тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтауға және оны әрі қарай тиімді дамытуға мүмкіндік беретін игі қадам. Алдағы сайлауда біздің қоғам Ұлт Көшбасшысының стратегиялық бағдарламаларын жалғастыратын, Президент болуға лайықты үміткерге дауыс береді деп сенемін», – дейді Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің «Рухани жаңғыру» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы Роза Сабырқызы. Қатысушылар ел болашағы қазақстандықтардың өз қолында деген ортақ пікірді қуаттады. Спикерлер барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының президенттік сайлауына бір адамдай қатысуға шақырды.  Шара барысында қатысушылар еліміздің Тұңғыш Президентінің өмірі мен қызметіне арналған «Еліміздің Елбасы» атты көрмені тамашалады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий