Болашақтың даңғыл жолы

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында тәуелсіздігіміздің 25 жыл ішінде Қазақстанның саяси реформасы мен экономикасының жаңғырғанын тілге тиек етіп, айқын бағыттардың бірі – әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына ілесуді меңзеген болатын. Көшбасшымыз тұрақтылықтың арқасында елімізде орнықты дамуға жол ашылғандығы жөнінде айтып, осы бағыттан таймай, ілгері қадам басу үшін рухани жаңғырудың тұстарын қадап-қадап белгілеп берді.

Аталған мақалада ұлттық санаға зер салынып, жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық мұраттарымызды сақтауға шақырады. Бұл дегеніміз – 1. Бәскелестік қабілет, 2.Прагматизм, 3.Ұлттық бірегейлікті сақтау, 4.Білімнің салтанат құруы, 5.Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, 6.Сананың ашықтығы. Өзім білім саласының өкілі болғандықтан Тәуелсіздік жылдары басқа салалармен бірге оқу және ғылым жүйесінде қыруар жұмыстар атқарылғанын сүйсіне, мақтанышпен айтамын. Осының дәлелі ретінде біздің мемлекетіміз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің қатарына қосылды. Осы тұрғыда еліміздің табысты болуының басты факторы білім екенін адамдардың санасына жеткізе білуіміз керек.
Бүгінгі күні мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне өтіп, білім және ғылым жүйесінде тың жұмыстар атқаруда. Қазақстан Республикасының білім жүйесін реформалаудың негізгі бағыттары: өскелең ұрпақты инновациондық шығармашылық тұрғыда дамытып, әлемдік мәдениеттілікке талпындыра оларды білім, ғылым жолында тұлғалық қасиеттерін дамыту болып табылады. Сондықтан бүгінгі ұстаздардың шәкірттеріне заман талабына сай білім беру үшін көп ізденістер керек. Осы міндеттерді атқару үшін, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерілк қоғамының филиалы – Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұжымы заман талабына сай ұстаздардың кәсіби біліктіліктерін арттыруда нақтылы жұмыстар атқаруда.
2017 жылдың І-ші тоқсанында жаңартылған орта білімнің мазмұнына байланысты 266 ұстаз арнайы курстарды тәмамдап, қолдарына сертификаттарын алып елді мекендеріне оралды. «Жалпы адами құндылықтар» бағдарламасы бойынша «Өзін-өзі» тану курстарында 50 тыңдаушы дәріс алды. Қысқа мерзімдік курстарда 25 ұстаз біліктіліктерін шыңдап, білім саласында болып жатқан тың жаңалықтардың куәсі болды. Сонымен қатар осы уақытта білім саласына үштілділікті енгізу бағдарламасына сай 2 топ 4-айлық біліктілікті арттыру курсынан өтуде. Біздің ұжым ұстаздардың заманға сай білікті болуына барлық жағдайларды жасап, курстардың маңыздылығына назар аударып, әр тыңдаушыны институт табалдырығынан қарсы алып, осында болған уақыт аралықтарында олардың біліктіліктерін арттыруға мүдделілік таныта білді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс