Болашақтың жарқын бағыты

Ұлт көшбасшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы Қазақстанды жаңа кезеңдер мен жарқын бастамаларға бағыттайтын құнды құжат. Онда Елбасы ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы көзқарасын ортаға салып, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың алты бағытын атап өтті.

«Тәрбие және білім» бағыты бойынша өңірде  «Менің Отаным-Қазақстан» жас туристер облыстық слеті, «Алтын қазына» декоративтік және қолданабалы өнерден  облыстық көрме-конкурсы, «Жалғыз болу міндет емес» мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған жобалар сияқты шаралар атқарылды. «Менің Отаным – Қазақстан» атты республикалық туристік экспедиция ұйымдастырылды. Аталған жобалардың жүзеге асырылуына 22 мың адам үлес қосты. Облыстың білім саласында жыл аяғына дейін 8 жоба жүзеге асырылмақшы. Бұдан бөлек «Жастардың демалыс саябағы» жобасына 56 миллион теңге бөлініп, жаңғырту жұмыстары басталды.

«Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» бағыты бойынша бірнеше жобалар жүзеге асырылуда. «Жас тұлпар» әдеби жобасы, «Тәуелсіздік жылдарындағы Көкшетаудың тарихы»: «Ауылым- алтын тұғырым» фотосуреттер,құжаттар арқылы еске алулар, «Жас ғабдуллиншілдер» клубының республикалық слеті, «Алаштың  алтын шаңырағы» этнофестиваль,«Жалғыз болу міндет емес» мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған жобалары бар. Жергілікті меценаттардың көмегімен сакральдік сипаттағы нысан  Уәли ханның мазарын жаңғырту жұмыстары аяқталды. Облыстық өлкетану музейінің экспонаттары толықтырылып, ЗD форматында жаңартылды. Арнайы «Киелі жерлер географиясы» жобасын іске асыру бойынша аймақтың киелі жерлерінің альбомы шығарылды. Өңірдегі киелі орындардың материалдары жиналып, республикалық «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу  орталығына жіберілді. «Атамекен» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен аймақта «Қайырымды ел Ақмола» жобасы жүзеге асырылуда. Биылғы жылдың қыркүйегіне дейін 382 қайрымдылық шаралары өткізіліп, 148 млн 694 мың теңге қаражат жиналды. 457 отбасына,1336 мүгедектер мен қарт адамдарға,565 сырқат балаларға материалдық көмек көрсетілді. Өңірде 848 меценат, 69 ұйым қайырымдылықпен айналысуда.

Өңірде «Жаңғыру – жаңа биіктердің бастауы» атты 8 инфрақұрылымдық жоба басталды. «Қазақстанның 100 танымал тұлғалар» жобасына үміткерлерді тіркеу жұмыстары басталды.Тіркелген 179 тұлғалардың ішінен  «100 esim el kz» дауыс беру жүйесімен Ақмола облысынан 19 тұлға ұсынылды. Ағымдағы жылдың 18 қазанында «100 esim el kz» сайтында аймақтардың үміткерлеріне дауыс беру басталды.

Президенттің «Болашаққа бағдар:қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласын жан жақты түсіндіру мақсатында арнайы сарапшылар, журналистер және блогерлер шақырылып, семинарлар, кездесулер өткізілді. Облыстық «Қазақстан-Көкшетау» телеарнасында танымал тұлғалар жөнінде «Сәттіліктің 1001 тарихы», «Жәдігерлер жаңғырығы», «Сахна сиқыры», «Көкше қаламгері», «Сап түзе»,«Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» арнайы жобалары бастау алды. Облыстық телеарнада әлеуметтік желілерде, Көкшетау қаласының Led-экрандарында 5 тақырыптық бейнероликтер дайындалды. Әлеуметтік желілерде «Ақмола облысының рухани жаңғыруы», «Киелі жерлер географиясы», «Ұлы даланың жаңа есімдері», «Мәдениет жанашыры», «Көкшетау қаласының қоғамдық келісім кеңесі» беттері жүргізілуде. Бейнехостингте Ақмола облысының рухани жаңғыруы «Youtub.com» арнасы ашылды. Жалпы алғанда, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында 7720 материал жарияланды. Тақырыптық банерлерді визуалды ресімдеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Аймақта 80-нен астам билборд,120-дан аса баннерлер, 35 брэндмауэрлер орнатылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда азаматтық қоғам институттарын жұмылдыруға ерекше мән беріп отырмыз.  «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы  34 580 адамды қамтитын әр түрлі форматтағы  372-ден аса іс-шаралар өткізді. «Қазақстан коммунистік халық партиясы», «Ақжол» партиясының облыстық филиалдары 6 іс-шара ұйымдастырды. 2017 жылы «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігі әлеуметтік тапсырыс аясында дөңгелек үстелдер, Ел Президенті Нұрсұлан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру – ұлтты ұйыстыратын ұлы құндылық» ғылыми-практикалық конференциясын талқылау бойынша кездесулер ұйымдастырды. Ең бастысы, аталған бағдарламаға тұрғындар қолдау көрсетуде, олар осы жұмыстардың мазмұнын түсініп, атқарушы органдармен бірлесіп жұмыстар атқаруда.

Біздің байтақ Отанымыздың өзіндік өзгешеліктері және құндылықтары тек өзімізге тән. Бүгінгі Осы жоспарларға сай туризм, дене тәрбиесі, мәдениет және спорт, мұрағаттау және құжаттандыру, кәсіпкерлік және өнеркәсіпті қолдау, тілдерді дамыту  басқармалары базалық бағдарламаның бағыттары бойынша ұсыныстарын білдірсе дейміз. Әрі тың жобаларды қолдап, ынталандыру жұмыстарын күшейтсек,  Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы айқындалған міндеттерді орындауға қол жеткіземіз.

Жаңа жаһандық үрдістер ешкімнен сұрамай, есік қақпастан бірден төрге озды. Сондықтан заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр. Сынаптай сырғыған уақыт ешкімді күтіп тұрмайды, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс» деп тегін айтқан жоқ. Жаңа жағдайға қарай бейімделу, жаңғыру – уақыт талабы. Бастысы, табиғи болмысымыз бен ұлттық кодымызды сақтай білсек, болғаны. Ұлт Көшбасшысының бұл игі бастамасын қолдап-қорғау барша азаматтардың басты борышы дер едік.

 

Еркін ИСІМБАЕВ,

«Рухани жаңғыру» бағдарламалық өңірлік жобалық офисінің жетекшісі,

қалалық мәслихаттың депутаты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий