«Болашақтың энергиясы» байқауының жеңімпазы анықталды

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы мен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бірігіп өткізген баламалы энергетика саласындағы ең үздік жоба байқауы өз мәресіне жетті. Нәтижесінде алматылық ғалым Марат Исекеевтің жобасы ең үздік деп танылды. Жеңімпазды «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов құттықтады.

Бес айдың ішінде конкурсқа 100-ден астам өтініш келіп түскен. Арнайы құрылған комиссия мүшелері 50 жобаны іріктеп алды. Кейін ғалымдар мен өнертапқыштар арасында өткізілген конкурста жеңімпаз дауыс беру арқылы анықталды. Сайтта орналастырылған жобалар үшін, жалпы алғанда, 55 мыңдай адам дауыс берді. Нәтижесінде компьютерлік технология және логистика кафедрасының профессоры, ҚазАТиСО «G-Global» жастар штабының жетекшісі, техника ғылымдарының кандидаты Марат Исекеев жеңіске жетті. Алпыс жастағы  ғалым республикалық бұл байқауға «Роторлық типтегі көпдеңгейлік көпқатарлы жел станциясы» атты жобаны ұсынды. Ел өңірлерінің барлығы дерлік, ғалымдарымыз, жаңашылдарымыз белсене қатысқан бұл байқаудың рес-публикамызда инновациялардың дамуында қозғаушы күшке және «ЭКСПО-2017» көрмесінің базасында аса ірі инновациялық алаңға айналатындығын атап өту ләзім. Отандық ғалымдарымыздың озық технологияларын бүкіл әлемге көрсетуге мүмкіндік туғызып отырған Марат Исекеевтің тың жобасы көрмеге келушілерге  «Қазақстан» павильонындағы «Жасампаз энергия» аймағында таныстырылатын болады. Ал, конкурс жеңімпазы Марат Исекеев өзі жасаған жел станциясының мақсатын былайша түсіндірді: «Біздің негізгі мақсатымыз – ауыл-аймақты энергия көзімен қамтамасыз ету. Қазақ даласында баламалы энергия көздерін тиімді пайдалануға болады. Әсіресе, жел энергиясын. Жобаны жасауға көптеген студент қатысты. Жел станциясын құрастыруға үш жыл уақыт кетті. Сондай-ақ, 5 миллион теңге көлемінде қаржы жұмсалды». Сонымен қатар, өнертапқыш өзі құрастырған жел станциясы арқылы Жоңғар қақпасын тиімді пайдалануға болатындығын атап өтті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс