Болашаққа сенімді қадам

Қоғамның үдемелі дамуы, адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту және өңірдің экономикалық тұрақтылығы – елімізде Тәуелсіздік жылдары жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік саясаттың басымдылықтары. Ел үшін атаулы күн – отыз жылда өткерген жолға шолу жасай отырып, аралық қорытынды шығарудың, елдегі орын алған өзгерістердің ауқымдылығын бағалаудың тағы бір себебі. Ақмола облысы – бұл өзгерістер бірден көзге ілінетін өңір. Облыс ауылшаруашылығы саласында көшбасында, өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысының қарқыны артып келеді, бұқаралық спорт саласы дамуда, әлеуметтік саланың өзекті мәселелері шешілуде.

2025 жылға дейін 17 үдемелі инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарланып отыр. Жұмыс істеп тұрған өндірістер де назардан тыс қалмайды. Сапалы сүт өнімдерін шығаратын «Гормолзавод» ЖШС жабдығын жаңғырту аяқталды, кәсіпорынның өнімі астанада да танымал. «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС зауытының екінші кезегінің құрылысы және тағы басқалары жүргізілуде.

Пандемияға және онымен байланысты шектеу шараларына қарамастан, шағын және орта бизнес саласында бірінші қыркүйекке қарай «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жобаларды субсидиялау және кепілдендіру жөніндегі жылдық жоспар орындалды. Кемінде 65 пайыз жоспарында 19 миллиард теңге кредит сомасына 769 жаңа жоба бойынша субсидиялау басталды.

Біздің облыс, астана маңындағы өңір ретінде, астананың азық-түлік белдеуін құруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан агроөнеркәсіп кешенін дамыту – біздің маңызды міндеттеріміздің бірі. Суармалы ауылшаруашылығы жерлерінің көлемін 29,5 мың гектарға дейін жеткізуге, 1 миллион гектарға дейін минералды тыңайтқыштарды қолдануға, 82 пайызға дейін үшінші репродукциядан төмен емес дейгейде тұқым себуге, 94 пайызға дейін өсімдіктерді қорғау заттарын қолдануға қатысты партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізілді. Бұл көрсеткіштер одан әрі де артатын болады. Ауқымды мақсат – өңірді, сонымен қатар елді өзіндік өндірістің тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету жұмысы жалғасуда.

Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру агроөнеркәсіп кешенінде 2025 жылға қарай 2 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға, еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыруға және нәтижесінде салада орташа жалақыны көтеруге мүмкіндік береді деп зор сеніммен айта аламын.

Облыс тұрғындарын ТҮКШ және жол мәселелері көп алаңдатады.
Ағымдағы жылғы 9 айда жергілікті маңызы бар жолдардың 115 километріне орташа жөндеу жүргізілді, «Нұр-Сұлтан қаласының шығыс айналма жолы – Сарыоба станциясы» жолының учаскесіне күрделі жөндеу жүргізілуде, ауыл тұрғындары үшін ұзақ жылдар бойы қолайсыздық пен қиыншылық тудырған Зеренді ауданының Заречное ауылы маңындағы көпір құрылысы аяқталды.

Елді мекендердің ішкі жолдарын да жөндеу жүргізілуде.
2022 жылы автожолдың 1 200 километрін орташа жөндеу, 6 километрін күрделі жөндеу, сондай-ақ Бұланды ауданында автожол көпірін жөндеу жоспарлануда.

Келесі жылы тағы 12 ауылда су құбырының құрылысы жоспарлануда, 2025 жылға дейін облыс халқын, атап айтқанда 556 ауылдың 473 мың тұрғынын сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету мәселесі толығымен шешілетін болады.
Бүгінгі таңда, жылумен және электрмен жабдықтау тораптарының құрылысына, облыстың елді мекендерін газдандыру мәселесіне көп назар аударылады. Елбасының тапсырмасын орындау аясында, елді мекендерімізді газдандыру жұмысы жалғасуда. «Сарыарқа» магистральды газ құбыры құрылысының шеңберінде 2025 жылға дейін жеті аудан – Аршалы, Целинград, Бұланды, Бурабай, Шортанды, Ақкөл аудандарында және Көкшетау қалалық газ тарату тораптарын салуымыз қажет. Келесі жылы Целиноград және Аршалы аудандарында 730 километр газ тарату торабының құрылысы жоспарлануда.

Жыл сайын пайдалануға берілген жаңа тұрғын үйдің саны артып келеді. Биылғы жылы өткен жылғы деңгейге қарағанда 8,5 пайыз өсімімен 444 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тек, облыс орталығында 200 мыңға жуық шаршы метр тапсырылатын болады. Келесі жылы біз, кемінде 665 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, олармен халықтың әлеуметтік осал топтарынан кемінде 800 мұқтаж азаматтар қамтамасыз етілетін болады.

Партияның сайлауалды бағдарламасында біздің алдымызға қойылған ауқымды міндеттерді жүзеге асыру, айтарлықтай нәтиже әкелетіні сөзсіз.
2025 жылға дейін облыста 43 мектептің құрылысы мен 470 мектепті жаңғырту, 27 медициналық мекемені, 21 балабақшаны, 12 мәдениет объектісін, 60 спорт объектісін салу және жаңғырту жоспарлануда.

Жалпы, жыл соңына дейін 3 400 орынға 7 жаңа мектеп және 2 қосымша оқу корпусы пайдалануға беріледі. Ол облыс мектептерінде үш ауысымды оқыту мен оқушылар орнының тапшылығын қысқартатын болады.

Педагог кадрлары, сонымен қатар ауылды жерлерде тапшылығының мәселесін шешу үшін, облыстық бюджет қаражатының есебінен жыл сайын мемлекеттік грант бөлінеді. Бүгінгі таңда, олар бойынша шамамен 400 адам білім алуда. «Дипломмен – ауылға!» жобасы, ауылды жерлерде жұмыс істеу үшін педагогтарды тартуды ынталандырудың бір шарасы болып табылады.
Биылғы жылы 160 маман тұрғын үй сатып алуға кредит алды және 322 адамға көтермеақы берілді.

Өткен жылы облыс орталығында 200 орынға Инфекциялық аурулар орталығы салынды, ол коронавирус инфекциясымен байланысты ауруларды жатқызуда айтарлықтай жүктемені өзіне алды, ауысымында 150 келушіге арналған жаңа онкологиялық емхана ашылды. Ағымдағы жылы жеке әріптестердің қатысуымен екі объект – Көкшетау қаласындағы №1 емхана және Степногорск қалалық емханасы жаңғыртылды (МЖӘ аясында).

Соңғы екі жылдың барысында дәрігер кадрларына деген тапшылықты 1,5 есеге қысқартуға қол жеткізілді (2020 жылы – 437, 2021 жылы – 292).
Кадрлық қамтамасыз етілуді шешу үшін, облысқа 100-ден астам дәрігер тартылды. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің медицина факультетінде мемлекеттік білім гранттарының және облыс әкімінің атаулы стипендиясының аясында шамамен 500 студент білім алуда.

Үш жыл қатарымен дәрігерлерді резидентурада оқыту бағдарламасы қолданылуда, бүгінгі таңда елдің ЖОО-ларында 70-тен астам мамандар оқытылуда.

Облыс орталығында дәрігерлерге арналған көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді, медицина қызметкерлеріне тұрғын үй облыстың өңірлерінде де жүзеге асырылуда.

Бұқаралық спортқа да ерекше назар аударылуда. Келесі жылы, Бұланды ауданының Макинск қаласында жүзу бассейні, сондай-ақ облыстың аудандары мен қалаларында 7 спорт алаңы мен хоккей корты пайдалануға беріледі. Жастар саясаты саласында, биылғы жылы өңірде сұранысқа ие педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша жоғары білімімен мамандарды даярлауға 185 мемлекеттік білім гранты берілді.

Ермек Маржықпаев

Ақмола облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий