Болашақ жүгі – ұрпаққа аманат

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай 13 жел-тоқсанда «Көкшетау» мәдениет сарайында облыс әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен салтанатты шара өтті. Жиын барысында өңір басшысы мемлекетке және қоғамға сіңірген еңбегі, елінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін өңірдің бір топ таңдаулы адамдарына «ІІІ Дәрежелі Барыс», «ІІ дәрежелі Достық» ордендерін және Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарын тапсырды.

Облыс әкімі Сергей Кулагин ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымызды ұлық мерекесімен құттықтап, Тәуелсіздік ұғымына кеңінен тоқталды. Біздің тәуелсіздігіміз тек қоғамдық-саяси қайта құру емес, бұл – елеулі деңгейде біздің әрқайсымыздың толысуымыз, өмірлік құндылықтарды, тіптен өмірдің өз мәнін саналы түрде қайта парақтау. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ Елбасы әлеуметтік өзгерістердің халық үшін, халық қолдауымен ғана іске асырылатынын атап келеді. Елімізде жүргізіліп келе жатқан реформалар өңірімізді әлеуметтік-экономикалық дамытуға жаңаша серпін берді. Үдемелі индустриалдық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы табысты жүзеге асырылу үстінде, өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіп кешенінде және өзге де салаларда ірі жобалар іске қосылып жатыр. Дегенмен бүгінгі күні Мемлекет басшысы индустриалдық-инновациялық даму және әлеуметтік жаңғырту бойынша бұрынғыдан да ауқымды міндеттерді алға қойып отыр. Оларды жемісті жүзеге асыру Қазақстанның әлемнің барынша дамыған мемлекеттері қатарына кіруін қамтамасыз ететін болады. Алдағы уақытта да осынау қастерлі мерекені мәңгілікке сақтауға шақырған өңір басшысы еліміздің барлық салаларда жеткен жетістіктеріне жеке-жеке тоқталып, республикамыздың осынау даму белесінде Ақмола облысының үлесі орасан екенін жеткізді. Мемлекетіміздің дамып, өркендеуі жолында өңір тұрғындары да аянбай еңбек етіп келеді. Елбасы облысымызға келген сапарларында нақты тапсырмалар беріп, оның жүзеге асырылуын қадағалап, өңірімізге деген ерекше қамқорлығын көрсетуде. Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде әлеуметтік-экономикалық даму бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізудеміз. Жиын барысында өңір басшысы ел Президентінің мемлекеттік наградаларын беру жөніндегі Жарлығына сәйкес, мемлекетке және қоғамға сіңірген еңбегі, елінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі үшін өңірдің бір топ таңдаулы адамдарына «ІІІ Дәрежелі Барыс», «ІІ дәрежелі Достық» ордендерін және Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарын тапсырды. Марапатталғандардың арасында өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы кәсіпорындарының мамандары, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлері, өндіріс озаттары бар. – Бізді қоршап отырғанның бәрі әрбір адамның күнделікті, кейде көзге байқалмайтын, бірақ өте маңызды және орнын ауыстыруға болмайтын еңбегінің жемісі. Мереке қарсаңында халық пен мемлекет игілігі үшін еңбек еткен және жұмыс істеп отырған барлық адамдарға үлкен алғысымызды білдіріп, құр-мет көрсету мүмкіндігіне ие болып отырмыз», – деді өңір басшысы. Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың ән-шашуымен жалғасты.

Әсем Жүніс

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс