Боссөзділіктен нақтылы іске көшетін кез келді

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев 1 наурызда азаматтарды өз өтініштері бойынша қабылдады. Екіжақты ашық әңгіме барысында қала басшысы мемлекеттік ведомстволар мен коммуналдық қызмет басшыларына және мамандарына бос уәдеден аулақ болып, адамдардың өтініш-тілегіне сергек қарауды қатаң тапсырды. Ол үшін әр адаммен жеке-жеке мұқият жұмыс жүргізіп, айтылған ұсыныстарды құқықтық негізде шешуге тырысқан жөн.

Әкім қабылдауына келген қала тұрғыны Нұралия Костюк пен Бақыт Қапаров Қажымұқан, Рахымов, Нүрпейісов және Сосновый көшелеріндегі он бір үй тұрғындарының өтініш-тілектерін жеткізді. Ондағы айтар уәждері бұл үйлердің қай-қайсысында болмасын орталық жылу жүйесі тартылмаған. Жолға жөндеу жүргізілмегеніне де біраз уақыт болыпты. Қала басшысы жылу, су құбырларын тарту үшін жобалық-сметалық құжаттарды жасауға бюджеттік тапсырыс берілгендігін айтты. Қаражат көлемі айқындалғаннан кейін бұл жұмысты атқаратын мердігерлік ұйымдар арасында конкурс жарияланады. Аталған көшелер бойынша сонымен бірге қиыршық тас төсеу жұмыстары да қоса атқарылады. Валентина Хорева тұрғындар атынан Темірбеков көшесі №51 екі қабатты үйдің қашан жөнделетіндігін сұрап білді. Әкім бұл үйлерді жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін құжаттардың дайын екендігін айтты. Оны тез арада жүзеге асыру «Есіл» СПК» акционерлік қоғамының құзырлығында болғанымен мәселенің түпкілікті шешім табуы үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен тұрғын үй инспекциясының басшыларына қосымша тапсырма берді. Валентина Хореваның айтқан екінші өтініші – үй маңындағы ескі ағаштарды алу мәселесі. Қала басшысы бұл мәселенің таяу уақытта шешілетіндігіне уәде берді. Зейнеткер Федор Шетилин де қаланы абаттандыру мәселесін қозғады: Горький көшесі 76 үйдің ауласын жөндеу, аулада заңсыз тұрған гараждарды алу, т.т. Осы арада қала басшысы өткен жылы 176 металл гараждың басқа жерге көшірілгендігін айтты.
Сайран Әлімова «Тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының көң-қоқыстарды дер кезінде тасымайтындығына шағым айтып, Сабатаев көшесі №15 үйдің маңына асфальт төсеу жөнінде өтініш білдірді. Айман Бәйімбетова саяжайлардың бірінен жер учаскесін бөлу жөнінде өтініш білдірсе, Рауза Әбілева дүниеден өткен анасының пәтерін иеленгісі келетіндігін жасырмады. «МЖК-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Сәкен Бақаев жер учаскелері төңірегінде сот процестерінің жүргізілуі жайлы мәлімет берді. Застанционный поселкесінің тұрғыны Күлпан Жансейітова суды пайдаланғаны үшін тиісті есепшоттардың дұрыс келмейтіндігін айтып шағымданды. Қабылдауда болған тұрғындардың осы тақылеттес өтініш-тілектерін мұқият тыңдаған қала әкімі тиісті мекемелерге нақтылы тапсырма берді. Қалыптасқан жағдайды өз көзімен көру үшін өтініште көрсетілген мекенжайларда болатындығын да айтты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс