Бурабайды тамашалады

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындық аясында шетелдің туристік компанияларына ақпараттық тур өткізді.
Қазақстанмен танысуға келген отыз бес адамнан құралған шетелдік делегация Бурабай курортында болды. Облыстық туризм басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, делегация құрамына Франция, Нидерланды, Үндістан, Малайзия, Қытай, Грузия, Швеция, Өзбекстан, Украина, Қырғызстан, сондай-ақ, Ресейдің Мәскеу, Екатеринбург, Новосібір, Омбы, Барнауыл, Қорған қалаларының тур компаниялары кірді. Меймандар «Бурабай – Қазақстан інжу-маржаны» деп аталатын ақпараттық-жарнамалық тур аясында табиғаттың көрікті жерлерінен бөлек, «Бурабай-Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сапар-орталығына, Абылай хан алаңына, «Қазақстандық Лапландия» сауықтыру кешені мен «Rixos Borovoe»,«Айнакөл» және тағы басқа қонақ үйлерде болды.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Бас редакторлар клубы ағымдағы жылғы мамыр-шілде айларында «Қазақстан – халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының көзімен» үшінші халықаралық конкурс өткізді.
Конкурсқа келіп түскен 60 еңбектің ішінен Франция, АҚШ, Түркия, Иордания, Ресей журналистері жеңімпаз деп танылып, Астанада марапаттау рәсімі өткізілді. Меймандар үшін Бурабай курортты аймағына саяхат ұйымдастырылды. Бурабайдың орманды алқаптары бойынша өткен серуен көпшіліктің көңілінен шықты. Ыстық бауырсақ пен қымыз ішіп, ұлттық тағамдардан дәм татты. Көрген қызықты сәттерін, табиғаттың әсем қойнауларын фотоға түсіріп те алды. Сапар соңында облыстық туризм басқармасының жетекшісі Шынарбек Батырханов меймандарға «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне арнайы шығарылған сыйлықтарды тарту етті.

«Көкше ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс