Бюджетке өзгертулер енгізіліп, Қоғамдық кеңес құрамы қайта бекітілді

Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс 23-ші сессиясы болып, онда мәслихаттың 2017 жылғы 14 желтоқсандағы  №С-17/2 «2018-2020 жылдарғы қала бюджеті туралы», жер телімдерін мемлекет қажетіне орай сатып алу жобаларын келісу және 2016 жылдың 19 ақпанындағы  №С-47/2 «Көкшетау қалалық Қоғамдық кеңес құрамын бекіту» жөніндегі шешімдерге өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланды.

Сессия алдында өткен депутаттық сағатта күн тәртібіне шығарылған мәселелердің қажеттілігі, себептері туралы Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы Еркін Исімбаев хабарлама жасап, сараптамалар нәтижелерін алға тартты. Депутаттар өз тараптарынан сауалдар қойып, әр мәселенің қажеттігіне көз жеткізді. Мінберден Көкшетау қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Гүлмира Тұқатованың хабарламасы тыңдалды. Қалалық Қоғамдық кеңес құрамына қалалық мәслихат хатшысы Еркін Исімбаев пен Көкшетау қалалық мәслихаты аппаратының бас маманы Бақыт Төребековалар енгізіліп, Бауыржан Ғайса мен Андрей Подгурскийлер басқа жұмыстарға ауысуларына орай кеңес құрамынан шығарылды. Депутаттар күн тәртібіндегі барлық мәселелерді бірауыздан мақұлдады. Кезектен тыс сессия жұмысына Көкшетау қаласының әкімі Е.Маржықпаев қатысып, сөз сөйледі. Сессия мәслихат депутаты Ж.Әміржановтың төрағалығымен өтті.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий