Бюджеттегі өзгерістер

Қала әкімі аппаратының мәжіліс залында алтыншы шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті. Оның жұмысына Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев, мәслихат депутаттары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын депутат Мұрат Төкеев ашып, жиналғандарды күн тәртібімен таныстырды. Алдымен «2017-2019 жылдарға арналған бюджет туралы қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 23 желтоқсандағы №С-7/3 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бұл туралы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекшісі Гүлмира Шұқатова хабарлама жасады. Қалалық мәслихаттың депутаттары Көкшетау қаласының 2017 жылғы бюджетіне енгізілген өзгерістерді бірауыздан бекітті.
Сессия барысында денсаулық, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласы мамандарын әлеуметтік қолдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру үшін тұрақты комиссия құрамы бекітілді.
Көкшетау қаласы мен Красный Яр селосы, Станционный поселкесіндегі көше атауларын өзгерту туралы ұсыныстарды Ақмола облысы әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий