Бюджет есебі талқыланды

Алтыншы шақырылған Көк-шетау қалалық мәслихатының кезекті 11-ші сессиясында өткен жылғы бюджеттің орындалуы және «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық бағдарламасының 2016 жылғы дамуы туралы мәселе қаралды. Сессия жұмысына қала әкімі  Ермек Маржықпаев, облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Мереке Мұстафин, қалалық мәслихат хатшысы Бауыржан Ғайса қатысты.

Тимур Ысқақовтың төраға-лығымен өткен сессияда 2016 жылғы қалалық бюджеттің орындалу барысы туралы қаржы бөлімінің жетекшісі Гүлнәр Құсайынова баяндама жасады. Оның мәлімдеуінше, 2017 жылдың 1 қаңтарында бюджеттің кіріс бөлігі 100,8 пайызға орындалды. Осылайша 31249,6 млн теңге кіріс түсіп, жоспар 235,4 млн теңгеге артық орындалған. Жеке кіріс – 17472,3 млн теңге, яғни 101,4 пайызды құрап отыр. Күтілген нәтижеге пәтер, жер учаскелерін сатудан түскен түсім, салық тікелей әсер еткен. Қаржыны игеру 99,8 пайызды құрады. Дебиторлық қарыз жыл басымен салыстырғанда 93,6 млн теңгеге азайған. Осы ретте қала басшысы әкімдік аппараты, мәслихат пен бағдарламаны үйлестірушілердің бірлескен жұмысының арқасында оң нәтижеге қол жеткізілгендігін атап өтті. Жұмыс қорытындысына сараптама жасаған тексеру комиссиясының мүшесі Динара Алтаева мен қалалық мәслихаттың бюджет және қаржы мәселелері бойынша тұрақты комиссиясының төрағасы Жұмабай Әміржанов бюджеттің орындалуына жақсы баға берді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе – «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық бағдарламасының 2016 жылғы дамуы туралы құрылыс бөлімінің жетекшісі Айбар Сауытбеков баяндады. Оның айтуынша, аталған бағдарлама шеңберінде инженерлік инфрақұрылым, білім беру нысандарын жаңарту үшін Ұлттық қордан алты жобаға 927,344 миллион теңге қаражат бөлінген. Оның ішінде тек «Васильковка» мөлтек ауданының солтүстігіндегі магистральді, ішкі желілер құрылысы ғана жүзеге асырылмаған. Осы аумақта құрылыс жүргізуді жоспарлаған «КИК» АҚ қаражат бөлмегендіктен, жұмыс та басталмаған, соның салдарынан 13,908 млн теңге игерілмеген. Қала әкімі Е.Маржықпаев түсіндіріп өткендей, инженерлік желілерді өткізу қажет деп саналмаған. Қалған жобалар бойынша барлық қаражат жүз пайыз игерілген. Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бойынша білім беру нысандары құрылысына бөлінген қаражат толық игерілген.
А.Сауытбеков халық қалау-лыларын биыл жүзеге асырылуға тиісті жобалармен таныстырып өтті. Оның айтуынша, қаржыландыру бойынша еш мәселе туындап отырған жоқ, барлық жұмыс кес-теге сай жүруде. Қаладағы №18 орта мектебіндегі қосымша ғимарат құрылысы жоғары қарқынмен жүруде. Сессияның келесі күн тәртібінде қала әкімінің алғашқы жартыжылдық қорытындысы бойынша есебін қарау жөнінде шешім қабылданды. Сессия төрағасы болып депутат Еркін Исімбаев сайланды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс