Бюджет кірісі салықтан құралады

Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Жұмабай Әміржановтың төрағалығымен бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы болды. Оның жұмысына Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Шамрат Сәдуақасов, қалалық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Ғайса қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселе – салықтық әкімшілік шаралары және бюджеттік кірісті көбейту туралы Көкшетау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы жетекшісінің орынбасары Әсем Болатова баяндады. Оның мәлімдеуінше, қалалық бюджет болжамы бойынша жоспар 59,1 миллион теңгені немесе 100,5 пайызды құрап отыр. 2016 жылдың 9 айы ішінде Көкшетау қаласы бо-
йынша салық төлеушілер қызметіне жүргізілген сараптама мен мониторинг қорытындысы бойынша 247,7 миллион теңге сомасына қосымша резерв анықталды. Оның 130,5 миллион теңгесі бюджетке түскен. Жергілікті бюджетке түскен салық әлеуметтік, жеке табыс және мүлік салығынан болып отыр. Салық базасының тұрақтылығын қамтамасыз ету оңайға соқпайды. Сондықтан салық базасының тұрақтылығын арттыру үшін қолда бар резервтерді пайдалану қажеттігі атап өтілді. Жыл басынан бері мемлекеттік кіріс-тер басқармасының қызметкерлері тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізілген. Жергілікті атқарушы органдардың ең негізгі міндеттері – салық базасын кеңейту, тұрақты жұмыс орындарын ашу және әлеу-
меттік саясаттың тұрақтылығын қамтамасыз ету екенін жеткізген баяндамашы салық базасын кеңейту өте маңызды және өзекті мәселе екеніне назар аударды. Сондай-ақ, ол кейбір компаниялардың жұмысшыларын есептен жасыру немесе жер салығын төлемеу, кәсіппен айналысатын адамдарды тіркеуге алмау секілді салық түсімдерін кемітіп отырған мысалдарды келтіріп өтті. Елімізде жеке кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты жағдай жасалып отыр. Алайда, салық органдарының ауқымды жұмысына қарамастан, бүгінгі күні түрлі бақылаушы органдар жұмысында нақты өзара байланыс жоқ. Мәселені күрделендіріп отырған жағдай – жеке кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығының төмен болуы немесе оңай пайдаға ұмтылуы. Шағын және орта бизнес-
ке кедергі келтірмес үшін кәсіпкерлер тарапынан мемлекет алдындағы жауапкершілікті дұрыс түсінген жөн. Мәжілісті қорытындылаған депутат Ж.Әміржанов қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсарту қазынаға түскен қаржыға тікелей байланысты екендігіне ерекше назар аударды. Сондықтан салық мәдениетін көтеруге бірдей атсалысуымыз керек.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс