Бізге – ширек ғасыр

Ерлердің нағыз мерекесі саналатын Отан қорғаушылар күні – кез келген ата-ана үшін сын. Өйткені, ұл тәрбиелеп отырғандар олардың бойына туған жерге тағзымды, оның әр сүйемін сырт көзден сақтау, жауға таптатпау дегенді сіңіре білуі тиіс. Осы ретте қорғаныс істері бойынша қалалық басқарма басшысы Руслан Әміржанов былайша ой бөлісті. 

«Жас келсе – іске» демекші, осы қызметке жақында ғана келсе де, жауапкершілікті жақсы сезінетін маман қазіргі әскерге шақыру науқанының маңызын ұғынады. Руслан Жанатұлы қорғаныс істері бойынша қалалық басқарма тізгінін алғанына тек 5 ай ғана болды. Оған Семейдегі қызметі мен Сандықтау ауданында осы салаға жетекшілік еткені біраз тәжірибе жинақтауға көмегін тигізді. Қарамағындағылар басшысын талапшыл, әрі әділ деп суреттейді. Ведомство алдындағы міндеттерді де стратегиялық екенін жақсы түсінеді. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның армиясы еліміздің сенімді қалқанына айналды. Алайда, бұл босаңсуға жол беру деген сөз емес. Қорғанысты күшейтетін жұмыстар жалғаса береді. Құрылған күннен бас-тап біздің армия күшін жинап, беделін арттыруда. Біз қазіргі Қарулы Күштерді Тәуелсіздікке қол жеткізудің сенімді кепілі дей аламыз. Орта Азия шеңберінде Қазақстанның әлеуеті қуатты. Армия заманауи материалдық-техникалық базамен жарақтанған. Солдаттар мен офицерлер жаңа қару мен әскери техниканың тілін жақсы меңгерген. Әскери мамандықтың беделі артып келеді. Әлемдік рейтингте де қазақстандық армия өзінің бағытын бекемдеуде. 2014 жылы ол 80-ші орында болған еді. 2016 жылы 126 елдің арасында 53-ші орынға көтерілді. Осыдан 25 жыл бұрын біздің еліміз жол айырығында тұрған еді. Қарулы Күштер қандай болады деген сауал да мазалаған. Қазір бұл ұтқыр, заманауи армия, әскерилер халқына адал және кез келген уақытта
Отанды қорғауға дайын.
– Руслан Жанатұлы, әскери мерекелер негізінен мамыр айында атап өтіледі.
Р.Ж.: Патриоттық шаралардың бәрі Көкшетау қалалық әкімдігімен және облыстық қорғаныс департаментімен бірлесе жүргізіледі. Алайда, Қарулы Күштердің 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне орай бұл жұмыстар еселенді. Мектептер мен колледждерде ерлік сабақтары, әскери дайындық байқаулары, үгіт-насихат әңгімелері мен ашық сабақтар өткізіліп келеді. Оған соғыс ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер мен Чернобыль апатын жоюға қатысқандар арнайы шақырылады. Шаралардың қалпын түрлендіруге де күш саламыз. Мұндайда бізге қалалық білім бөлімі қолдау көрсетеді. Қорғаныс істері бойынша департаментінің басшысы Жанат Ережеповтің ұсынысымен әскерге шақыру куәліктері салтанатты түрде табыс етіледі. Бұл – 17 жастағы бозбаланың алғашқы әскери құжаты. Әскерге шақырылғандар күні де атап өтіледі. Биыл оны «Дос-тар» мәдениет сарайында 5 мамырда, 15.00-сағатта өткізуді жос-
парлап отырмыз. Қарулы Күштер қатарына шақырылған жастарға өңірдің ресми тұлғалары, ата-аналар мен ардагерлер тілегін айтады.
Жыл сайын дәстүрге айналған шаралар өзгеріссіз қалады. Мысалы, 7 мамыр күні қала аумағындағы әскерилердің шеруі міндетті түрде өтеді. Оған дайындық жүргізіліп жатыр. Жақында ғана саптық әндер байқауында жеңімпаз болған взводтар да сол шараға қатысады.
Біз майдангерлерді де ұмытпаймыз. Оларды тек мереке күндері ғана емес, үнемі назарда ұстаймыз. Өкінішке орай, ардагерлердің саны аза-йып келеді. Мереке күндері қарт майдангерлерді үйіне барып құттықтаймыз.
– Әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Көкшетаулық жастар арасында болашақ Отан қорғаушылар сапы қандай?
Р.Ж.: Биыл әскерге шақыру науқаны наурызда басталды. Ол маусымға дейін жүреді. 18 бен 27 жас аралығындағы жігіттер шақырылады. Осы уақытқа дейін облыс орталығынан 100 адам борышын өтеуге аттанды. Жыл сайын олардың резерві жақсарып келеді. Мемлекет басшысы Қарулы Күштерге ерекше көңіл бөліп отыр. Жыл сайын жаңаша жарақтануда. Соған сәйкес қаржылық қолдау, әлеуметтік пакет те өсті. Әрине, заманауи техниканы игеру және онымен жұмыс істеу білімді қажет етеді. Қазір әскерге шақырылушыларға талап күшейді, жоғары білімі барлар бірінші кезекте алынады. Алайда, бұл Отан алдындағы борышын өтеуге талпынушылар қатарын азайтқан жоқ. Жедел және контракт бойынша жақсы дайындалған жігіттер жөнелтілуде. Елін қорғау дегеніміз – абыройлы міндет және әр азаматтың қасиетті борышы екенін олар мектеп қабырғасында-ақ түсінген.
– Соңғы кездері біздің редакциямызға көкшетаулық сарбаздар жайлы жылы лебіздерін білдірген хаттар үнемі келіп жатады.
Р.Ж.: Бұл пилоттық жоба облыстық қорғаныс департаменті жетекшісімен қолға алынған. Соған орай көкшетаулық жігіттер міндетін өтеп жатқан әскери бөлімше командирлеріне хат жолдап, олардың табыстары жайлы хабарлап тұруын сұраймыз. Өйткені, олардың бәрі бірдей үйіне хабарласа алмайды, сондықтан ата-аналары алаңдайды. Аталған жоба тиімді болып шықты. Қалалық «Көкшетау» газеті арқылы сарбаздардың туған-таныстары жылы лебіздер оқып жүр. Бұл ең алдымен еліміздің әр өңіріндегі бөлімшелерінде міндетін өтеп жүрген жігіттердің тағдырына бейжай қарамайтынымызды көрсетеді. Мұндай мақалалар тәрбиелік жұмысқа да әсерін тигізуде. Сонымен қатар болашақта көкшетаулық сарбаздармен кездесулер өткізуді жоспарлап отырмыз. Яғни, оны шығарып салу, бөлімшедегі өмірі, елге қайтып оралғаны қадағаланады.
– Мереке алдында сіздің айтар тілегіңіз қандай?
Р.Ж: Алдымен барлық майдангерлерді Жеңіс мерекесімен және Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын! Мықты денсаулық, бейбіт аспан тілеймін. Әскери өнерді тек алаңда немесе қағаз жүзінде ғана үйреніп, өмірде қолданбайық дегім келеді.

Гәкку Асылбекқызы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс