Біз екінші орындамыз

Щучинск қаласында 26 сәуірден 3 мамырға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасының ІV Жастар спорттық ойындарының бағдарламасы шеңберінде 1999-2000 жылы туған ұлдар арасында бокстан жарыс өтті. Оған 16 өңірден келген 163 боксшы қатысты.

Қазақстан Республикасының бокстан жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы Ғалым Кенжебаевтың айтуына қарағанда, 30 маусымнан 7 шілдеге дейінгі аралықта Паттайя қаласында (Тайланд) жастар арасында Азия чемпионаты, 2018 жылы әлем чемпионаты мен олимпиада ойындары өтеді. Онда еліміздің намысын қорғайтын құрама команданы осы бастан іріктеу – бүгінгі таңдағы басты міндеттің бірі болып саналады. Щучинск қаласында өткен бұл жарыстың басты мақсаты да осындай. Сол себепті бұл турнирге бокстың қыры-сырын жетік меңгерген атақты бапкерлер мен мамандар тегіс шақырылды. Қарағанды бокс мектебінің директоры Серік Елеуов, жасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Аркадий Топаев, Ақтөбе бокс мектебінің директоры Рақымжан Рыспаев, Көкшетау қаласы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Руслан Мусинов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мереке Жүсіпов, «Динамо» спорт қоғамы Ақмола филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жасұлан Жантасов, Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Надежда Патюткина және тағы көптеген бокс жанашырлары спортшыларымызға қолдау көрсетті. Ақмола облысы жастар құрама командасының аға жаттықтырушысы Александр Упатовтың басшылығымен біздің өрендеріміз шаршы алаңда табысты өнер көрсетіп, 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медальды жеңіп алды. Сөйтіп жалпыкомандалық есепте Алматы қаласынан кейін II орынды иеленді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс