Білімдерін сынға салды

Мемлекеттік органдар арасында «Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттік қызметі: мемлекеттік қызметті түрлендірген 15 қадам» тақырыбында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өткізілді.

Ойынның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы мен мемлекеттік қызметтегі шектеулер мәселелерін ашу, қабілеттер мен кәсіби дайындық деңгейіне сәйкес мемлекеттік қызметтен өту мүмкіндіктерін көрсету, оның қолжетімділігі мен имиджін арттыру. Сайысқа Ақмола облысы бойынша сот әкімшілігінің «Әділ сот», Ақмола облысы әкімі аппаратының «Қайратты жүректер»,  Көкшетау қаласы әкімі аппаратының «CIVITAS», Ақмола облысы ішкі істер департаментінің «Жалын», облыстық  мемлекеттік кірістер департаментінің «Қайнаркөз», облыстық қазынашылық департаментінің «Қазына», Ақмола облысының қоршаған ортаны қорғау департаментінің «Бірлік», облыстық әділет департаментінің «Әділет», облыстық білім басқармасының «Білім» топтары қатысты. Әр топ өздерінің ұйымшылдығы мен біліктілігін көрсетуге талпынды. Бағалау нәтижелері бойынша бірінші орынды Ақмола облысы әкімі аппаратының «Қайратты жүректер» тобы жеңіп алды. Ақмола облысы бойынша сот әкімшілігінің «Әділ сот» тобы екінші, Ақмола облысының Қоршаған ортаны қорғау департаментінің «Бірлік» тобы үшінші орынға ие болды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий