«Білімді Қазақстан» ғылыми-әдістемелік конференция

Ел Тәуелсіздігінің жиырма бес жылдығына орай өткізілген бұл шараға 120-ға жуық білім саласының мамандары, оның ішінде 12 педагогика ғылымдарының кандидаты қатысты.

Жаңартылған білім берудің осызаманғы жетістіктерін одан әрі жетілдіру, мұғалімдердің педагогтық белсенді көзқарасын қалыптастыру және ұстаздық қызмет инновациясын дамыту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Өзінің құттықтау сөзінде облыстық білім басқармасының жетекшісі Балым Ізбасарова көкейтесті осы мәселеге ерекше тоқталып, алда тұрған міндеттерді айқындап берді.

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Карима Қанытаева, «Өрлеу» педагог кадрларының біліктілігін жетілдіру институты директорының орынбасары Айсұлу Ақышева, ЦПМ филиалының аға менеджері Айгүл Мусина білім беруді дамытудың қағидалары, білім беру саласын жаппай реформалау жағдайында мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, тілді оқытуды жетілдіру хақында тәжірибе бөлісті. Ақмола облысында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің төрағасы, саясаттану ғылымдарының кандидаты Марат Ыбыраев «Ыбырай Алтынсарин және қазіргі жағдай» тақырыбында
баяндама жасап, ХХІ ғасырдағы білім беру саласында алда тұрған өміршең міндеттерді саралап берді. Ал, білім беру саласының үздігі Балжан Төлемісова өзінің көпжылдық ұстаздық тәжірибесіне сүйене отырып, осызаманғы білім берудің көкейтесті проблемаларына тоқталды. №13 экологиялық мектеп-гимназия директоры Ботагөз Гельманова мен «Үздік педагог-2016» республикалық конкурсының жеңімпазы, №18 орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Кенжебаева білім беру саласын жетілдіруде мектеп директоры мен ұстазға жүктелер міндеттің жауапкершілігі жайлы ой бөлісті. Жиын соңында Көкшетау қаласының ұстаздар қауымының үндеуі қабылданды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс