Білімді ұрпақ – ел болашағы

Облыс әкімі Сергей Кулагин жұмыс бабымен 4 сәуірде Көкшетау қаласындағы бірқатар білім,
спорт нысандарында болып, онда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Сапар кезінде Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев бірге болды.

DSC_4709Өңір басшысы атбасын тіреген алғашқы нысан – Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті бүгінде облысымыздың жетекші, маңдайалды білім ордасы болып табылады. Бұл күні келушілерге оқу орнындағы студенттердің дипломдық жұмыстары – ағаштан, теріден жасалған бұйымдар көрмесі ұсынылды. Бүгінгі күні университетте күндізгі, кешкі, сырттай оқу формасында бакалавриатта 53 мамандық, 28 магистр, 7 РһD-докторантура бойынша кадрлар даярлануда. Профессорлық-оқытушылық құрамда үш жүзге жуық тәжірибелі мамандар, атап айтқанда, 22 ғылым докторы, 14 профессор, 77 ғылым кандидаты, 52 доцент еңбек етуде. «Міндетіміз – жас ғалымдарға жол көрсетіп, ғылыммен өмір сүретін мамандар даярлау болып табылады. Бізде халықаралық деңгейде мамандар даярлайтын санаулы оқу орындары ғана бар болса, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті де солардың қатарында. Яғни, республика деңгейінде техникалық базасы мықты, осы саладағы мамандармен жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілген жоғары оқу орындарының бірі»,–деп атап өтті өңір басшысы. Өз кезегінде оқу орнының ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров қазіргі кезде жаңа кітапхана құрылысы, аллея, жаңа акт залы сияқты жоспардағы міндеттер алдағы күндері жүзеге асырылатындығын жеткізді. Қаладағы №2 орта мектепте болған облыс әкімі: – Бұл соңғы жылдары айтарлықтай оң өзгерістерді басынан өткерген білім ордаларының бірі. Оқу және спортпен айналысу үшін бар жағдай жасалған, аумақтың да келбеті жақсарған. Өскелең ұрпақтың жан-жақты білім алуы үшін алда да барынша жағдай жасайтын боламыз,–деді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс