Білім – басты бағыт

Елбасы Жолдауындағы қойылған міндеттер мен негізгі басымдықтарды түсіндіру мақсатында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Көкшетауда болды.

Өңірдегі жұмыс сапары А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінен басталды. Заң факультетінің оқытушылары және студенттерімен кездесу барысында Елбасы Жолдауы аясындағы әлеуметтік және жастар саясаты мәселелері талқыланды. – Жолдауда Елбасымыз 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды және жан-жақты әлеуметтік қолдауды ұсынды. Бұл бастама қазақстандық әрбір жастың көңіліне қуаныш ұялатты. Сонымен қатар, Елбасы Үкіметке жастардың білім алуына ерекше назар аударуды тапсырды. Әсіресе, жоғары оқу орындарының білім сапасы, түлектердің жұмыспен қамтылуы басты назарда болуы тиіс. Себебі білімді жас сапалы маман болып қалыптасары сөзсіз, – деді министр өз сөзінде. Сапар барысында министр әділет департаментінде Ақмола облысының адвокаттарымен, нотариустарымен және сот орындаушыларымен кездесу өткізді. Оның барысында адвокаттық қызмет, нотариат және жеке сот орындау институттарының алдағы даму мәселелерін сөз етті. Сондай-ақ, қабылданған заң жобаларының нәтижелерімен бөлісті. Министрдің айтуынша, «Адвокаттық қызмет және заңдық көмек туралы» Заң қабылданған уақыттан бастап адвокаттар саны 250 адамға өсті.

Кездесу соңында қатысушылар министрге өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий