Білім беруді цифрландыру

Тәуелсіздік жылдары облыстың білім беру жүйесі қарқынды дамып келеді. Бұл салада түрлі бағыттар бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді. Цифрландыру бойынша да белсенді жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Білім басқармасынан алынған мәліметке сәйкес, бүгінде барлық 552 күндізгі жалпы білім беретін мектеп кең жолақты ғаламторға қосылған. Білім беру ұйымдарының негізгі бөлігі оқу процесінде «BilimLand» инновациялық платформасын, мектеп мұғалімдері мен оқушылары сабақтарда және сабақтан тыс уақытта ҰБТ-ға, аттестаттау мен ОЖСБ-ға дайындалу үшін «iTest» виртуалды тренажерін, бастауыш мектеп бағдарламасының пәндері бойынша қазақ тілінде «iMektep» интерактивті анимациялық порталын, «Twig-Вilim» онлайн-сервисін қолданады.

«Облыста STEM-білім беру белсенді дамып отыр. Білім беруде робототехниканы дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. 205 жалпы білім беру ұйымдары робототехника элементтерімен және кабинеттерімен жабдықталған. Жыл сайын қалалық және ауылдық мектептердің мұғалімдері робототехниканы оқыту әдістемесі бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Биыл курстан 45 мұғалім өтті» – деді, облыстық ведомстводан. Бүгінде барлық мектептерде тегін «IT-сыныптар» жұмыс істейді. Облыс орталығында «Кванториум» балалар технопаркі, IT мектеп-лицейі, балалар, жасөспірімдер мен жастарға арналған «Болашақ сарайы» қосымша білім берудің инновациялық орталығы, Көкшетау жоғары колледжінің базасында IT-орталығы жұмыс істейді, Щучинск қаласында ІТ мектеп-лицейдің базасында дарынды балаларға арналған «IT Білім-инновация-лицей» ашылды.

Цифрландыру жағдайында оқу процесін басқару бойынша педагогтердің дағдыларын жетілдіру үшін мұғалімдерге, колледж оқытушыларына, педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледждердің 3-4 курс студенттеріне тегін онлайн-курс өткізіледі. Біліктілікті арттыру курстарынан 13 мыңнан астам педагог өтті.

Айта кетейік, өңірде барлық 552 мектеп пен 251 балабақша бейнебақылау жүйелерімен толық қамтамасыз етілген. Білім беру нысандарын мамандандырылған күзетке көшіру, дабыл түймелерін орнату бойынша жұмыс кезең-кезеңімен басталды. Облыстың 97 мектебінде мамандандырылған күзет енгізілді, 101 мектепте дабыл түймелері орнатылды.

«Көкше-ақпарат»

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий