Білім беру жаңашылдықтары талқыланды

Көкшетауда облыс әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаевтың қатысуымен «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» Ақмола облысының педагог қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы онлайн режимінде өтті.
Конференция жұмысына Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы, аудан-дар мен Степногорск және Көкшетау қалалары әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары, білім бөлімдерінің басшылары, аудандық (қалалық) әдістемелік қызметінің меңгерушілері, мектепке дейінгі және жалпы білім беру ұйымдарының басшылары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының директорлары, облыс мұғалімдері, әдіскерлері, тәрбиешілері қатысты. Тамыз конференциясына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, ЖОО ректорлары, республикалық, облыстық мемлекеттік ұйымдардың басшылары, педагогикалық еңбек ардагерлері, білім және ғылым кәсіподақ ұйымының өкілдері, БАҚ өкілдері шақырылды. Пленарлық бөлімнің жұмысында мектепке дейінгі заманауи педагогтың кәсіби портреті, қашықтан оқыту – қосымша білім беруді дамытудың жаңа векторы, білім берудегі дәстүр мен жаңашылдық мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, пленарлық отырыста Германия елшілігінің өкілі – фрау Александра Смитс және Көкшетау қала-сының №17 орта мектеп-гимназиясының түлегі, UATL Еуропалық ғылыми-зерттеу университетінің қызметкері және IMMS Journal ғылыми-медициналық журналының тең құрылтайшысы және бас редакторы Ажкен Бахтияр мұғалімдер қауымын құттықтады.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий