Білім беру саласындағы міндеттер айқындалды

6 наурызда облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркеновтың қатысуымен облыстық білім басқармасының алқа мәжілісі өтіп, Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан туындайтын міндеттер талқыланды.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан туындайтын міндеттерге орай оқытудың үштілділік бағдарламасына көшудегі педагогтардың алдында тұрған ауқымды істерге тоқталды. Облыстық білім басқармасының жетекшісі Балым Ізбасарова 2016 жылдың қорытындысын саралап, 2017 жылы алда тұрған міндеттерді айқындады. Былтыр өңірде 20 балабақша, 17 шағын орталық ашылған. Тек қана Көкшетау қаласы бойынша 520 орындық екі балабақша салынды. Ақкөл қаласындағы балалар үйі қайра жаңартылып, 1780 орындық бес мектеп іске қосылды. TIMES-2015 халықаралық зерттеу қорытындысы бойынша Қазақстан табиғаттану мен математикадан білім берудің сапасы жөнінен әлемде жетекші орын алса, ақмолалық оқушылар дүние жүзінің 39 елінің ішінде 7-9 орындарды еншіледі. 2016-2019 жылдарғы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес облыста цифрлық білім инфрақұрылымын құру жұмыстары жүргізілуде. Республикалық бюджеттен өткен жылы 183 шағын комплектелген мектептерге мультимедия құрал-жабдықтарын сатып алу үшін трансферт бөлінді. Былтырдан бастап өңірдегі жиырма жеті мектепте үштілде оқытудың пилоттық жобасы енгізілді. Бұл жаңалықтар, түптеп келгенде еліміздің жаңа экономикалық өсімінің басты арқауына айналмақ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс