Бірлесе тәртіп орнатылса…

Қала әкімі Ермек Маржықпаев 25 тамызда облыс орталығының бірқатар нысандарының жайымен танысты. Атқарылып жатқан жұмыс сапасына назар аударып, тұрғындардың да өтініш-тілектерін ескерді. Тиісті мекеме басшыларына, мердігерлерге жоспарланған шаруаны уақытында орындауды қатаң тапсырды.

DSC_0026 Шаһар басшысы алдымен Вернадский көшесіндегі 27 үй ауласындағы жаңа балалар алаңына барды. Бұл аумақта әткеншектер, швед қабырғасы, отырғыштар, сырғанақтар, жалпы балалардың ойнауы мен ересектердің дем алуына жақсы жағдай жасалған. Алайда, тазалық мәселесі көңіл көншітпейді. Қоқыс толған жәшіктер мен лас демалыс аймағының сыртқы келбетіне нұқсан келтіріп тұр. Пәтер иелері кооперативі де қолды бір-ақ сілтеп, өзге жауаптылар жинап алар деген сыңай танытқан. Мұндай немқұрайлылық алдағы уақытта бұл жерді қоқыс орнына айналдыруы әбден мүмкін.
Қала әкімі ары қарай Нефтебаза 1 көшесіндегі футбол алаңының құрылыс жұмыстарымен танысты. Биыл дәл осындай үш алаң салу жоспарланып отыр. Оның бірі «Бірлік» мөлтек ауданында, екіншісі Станционный поселкесінде қаланбақ. Ал, қаланың басқа аумақтарында көлемі бұдан шағындау алаңшалар салынатын болады. Нефтебаза көшесінің тұрғындары футбол алаңының тазалығына өздері жауап беріп, осы жерде аула турнирлерін ұйымдастырамыз деп уәде етті.

DSC_0017Ғабдуллин көшесінде жөндеу жүргізіп жатқан мердігерлерге Ермек Боранбайұлы тарапынан сын айтылды. Әуезов көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі қалпына келтіру жұмыстары да өз уақытынан кешеуілдеуде. Ауа райының әр ашық күнін тиімді пайдаланбаса, күзгі жауындарға барып тірелуі мүмкін. Ол өз кезегінде жұмыстың сапасына әсер етеді. Қазірдің өзінде бұл көшелерде қажетті техника мен адам саны тым аз. Әрі жылу құбырлары мен электр желілерін ауыстыру жұмыстары бар.
Қала әкімінің жұмыс сапары «Агротрейд Көкше» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің астықты алқабын аралаумен аяқталды. Бұл жерде дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар өсірілуде. Шаһар басшысы кәсіпорын жетекшілері және ауыл шаруашылығы бөлімдерінің мамандарымен Красный Яр селосы маңындағы бидай және сұлы алқаптарының жағдайымен танысты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс