Бірлесіп жұмыс істеген ұтымды

Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Мәди Елубаев №12, 14 орта мектептерде сайлаушылармен кездесу өткізді. Халық қалаулысының ықпалымен Мичурин көшесі, 33, Вернадский көшесі, 11, 25, 27, 29, үй аулаларына балалар ойын алаңдары орнатылды. Сондай-ақ, Застанционный поселкесіндегі Маяковский көшесінің бойындағы жылу магистралі жаңартылып, жылу қуаты арттырылды. №14 орта мектептің шатырына күрделі жөндеу жүргізілсе, №12 орта мектеп лингафонмен жабдықталып, химия кабинетін алуға қол жеткізілді. Станиславский, Мехколонна-40 көшелеріндегі ағымдағы жол жөндеу жұмыстарының мәселесі шешімін тапты. Кездесу барысында сайлаушылар Мәди Елубаевтың атына алғыстарын білдіріп, автобустардың жүру жиілігі, «Мирас» балабақшасына логопед маманының қажеттілігі, көшелерді жарықтандыру, жаяу жүргіншілер жолын салу сияқты мәселелерді көтерді. Өз кезегінде депутат М.Елубаев тұрғындармен тікелей кездесу арқылы оларды толғандыратын проблемаларға терең үңілуге мүмкіндік мол екендігін жеткізді.
* * *
Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Жұмабай Әміржанов №13 орта мектепте сайлаушылармен кездесті. Тұрғындар жиын барысында депутатқа өз өтініштерін, өзекті мәселелерді жеткізді. Негізінен қаланың шеткі көшелеріндегі жолдың сапасыздығы, абаттандыру, тазалық, ауыз су сапасы секілді бірқатар мәселелер көтерілді. Депутат басқа да салаға қатысты туындаған түйткілдерді жою үшін сол бағыттағы жалпы жиналыстарға өзі де қатысып, мәселенің шешілуіне тікелей ықпал ететінін жеткізді. Басқосуда сайлаушылар депутаттың тікелей араласуымен оң шешімін тапқан жағдайларды айтып, алғыс білдірді. Халық қалаулысы тұрғындардың өтінішіне барынша түсіністікпен қарап, барлық ұсынысты жерге тастамауға уәде берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий