Бірлігіміз жарасқан

Орталық қалалық кітапхана мен «Достар» мәдениет сарайы жанындағы кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 21 жылдығы және Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған «Ел бірлігі – Ассамблея» атты достық мерекесі өтті.
«Қазақ тілі және мәдениет» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Қиықов, поляк қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Суховецкий, «Wiedergeburt» Ақмола облысы бірлестігінің төрайымы С.Корнеева, татар мәдениет орталығының төрағасы Р.Зұлқарнаев, «Өзбек ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Т.Медетова өз тілектерін білдірді. Әр мәдениет орталықтары өздері дайындаған нөмірлерін көрсетіп, салт-дәстүрлерімен таныстырды. Жоғары техникалық мектеп студенттері ән-шашуларын тарту етті. Іс-шарада кітап көрмесі таныстырылды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс