Бірлік пен татулық – береке басы

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин «Қоғамдық келісім» үйінде этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесті. Алда келе жатқан бірлік күні мерекесімен құттықтаған өңір басшысы бұл шараның Қазақстан халқы Ассамблеясының 26-шы сессиясы қарсаңында ұйымдастырылғанының да мәні бар деді. Елбасының бес әлеуметтік бастамасы – берекенің бастауы екені ақиқат. Осы тақырып биылғы Ассамблея сессиясының да өзегіне айналатын болады.  Биыл 22 мың ақмолалық отбасы «7-20-25» бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алмақ. «Нұрлы жер» жобасына сәйкес 16 жалдамалы және 12 несиелік тұрғын үйлер бой көтермек, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп. Жалақысы төмен адамдарға салынатын салықтың 10 есеге азаятыны да көп жеңілдік. Біздің өңірде 60 мың теңге жалақы алатын адамдардың саны 250 мың адам. Бүгінде білім грантымен 100 жас педагогикалық мамандық бойынша оқып жатыр. 27 студент облыс әкімінің шәкіртақысына ие. 2022 жылға дейін 11 жатақхана салу көзделген. Бұл  бағыттағы жұмыстар басталып кетті. Өз-өзін қамтып отырған жандарға берілетін шағын несиелер көлемін 20 миллиард теңгеге өсіру жеке кәсібін жүргізгісі келетін ақмолалықтарға да көп көмек болмақ. Облысты газдандыру мәселесі туралы да айтқан өңір басшысы алдағы уақыттағы шаралардың бәрі бірлік пен ұйымшылдықтың арқасында ғана жүзеге асатынын айтты. Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ринат Галлямов өзі жетекшілік етіп отырған мекеменің жұмысына тоқталды. «Жаңғыру жолы» Ақмола облыстық жастар қозғалысының штабы жайлы оның мүшесі Ислам Байрамов айтып берді. Кездесу сұрақ-жауап түрінде талқылау жасай отырып аяқталды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий