Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық.

№1 құрылыс-техникалық колледжінде «Еркін пікір» пікірталас клубының отырысы өтті. Бұл шараға Көкшетау қаласының құрметті азаматы Айдар Хамзаұлы Мурзин қатысып, жастармен қарапайым жұмысшыдан қала әкіміне дейінгі еңбек жолының сырларымен бөлісті.

DSC_3418

Кездесу барысында Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» Жолдауын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік жобалар сарапталды. Бүгінгі таңда аталған колледждің 27 оқу тобында 591 студент білім алып жүр, олардың оқуы тегін, жетім және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалар тегін тамақтанады. Колледж оқытушыларының күнделікті әрі тынымсыз еңбегі бәсекеге қабілетті әрі жоғары білікті түлектерді даярлауға бағытталған. Мұнда мамандықты одан әрі зерделеуге арналған шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс