Бірыңғай қабылдау күні

«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдауы 13 наурызда «2017-2021 жылдарғы жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша» азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін өткізді.

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен жергілікті жерлерде жұмыссыз жүрген азаматтарды, көпбалалы отбасылардың мүшелерін, жастарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту бағдарламасына көбірек тарту жөнінде белсенді, пайдалы шаралар жүзеге асырылуда. Осы мақсатпен облыстық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесі өткізген іс-шараға қатысқан Көкшетау қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жетекшісінің орынбасары Айдархан Сәдуақасов пен тұрғындарды жұмыспен қамту орталығының бөлім жетекшісі Индира Айсина өз салалары бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы әңгімелеп берді. Атап айтқанда, жұмыссыз жүрген адамдар үшін жәрмеңке, «Ашық есік» күні шараларын өткізу дәстүрге айналған.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс