Бірінші сессия өтті

Сөйтіп, сайлаудың нәтижесі шығып, қалаулылар анықталған сәттер артта қалып, Көкшетау қалалық мәслихатының алғашқы сессиясы болып өтті. Жетінші шақырылған Көкшетау қалалық мәслихатының бірінші сессиясына қала әкімі А.Смайылов, қалалық әкімдіктің бөлім басшылары, қаланың Құрметті азаматтары қатысты, сессия жұмысына депутат З.Нұрымова төрағалық етті. Депутаттар Рүстем Серікұлы Қалышевты қалалық мәслихат хатшысы етіп сайлады.
Алдымен мінберге көтерілген қалалық сайлау комиссиясының төрайымы М.Қалиева құттықтау сөз сөйлеп, жаңа сайланған депутаттарға депутаттық куәліктер мен төсбелгілерін табыс етті. Оның ұсынған бүгінгі сессияға төрағалық ету кандидатурасын депутаттар бірауыздан қолдап, Зәуреш Нұрымова алғашқы жиын тізгінін қолға алды.
Сессияда мәсли-хаттың тұрақты комис-сияларының құрамы бекітіліп, олардың төрағалары сайланды, «Нұр Отан» партиясының фракциясы тіркелді. Сондай-ақ, «Көкшетау қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы» туралы қалалық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Г.Шұқатова хабарлама жасады.
Жаңа сайланып, іске кіріскен депутаттарды қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ш.Әлиев, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы С.Кәкеновтер құттықтап, істеріне жеміс тіледі.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий