Бүлдіршіндер бақ сынады

«Достар» мәдениет сарайында балабақшалардағы өзге ұлт бүлдіршіндерінің арасында қалалық «Балғын шақ» байқауы өтті.
Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған іс-шарада 14 бүлдіршін бақтарын сынады. Байқаудың мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және тіл саясатының пәрменділігін арттыру. Шара екі кезеңнен тұрды. Байқауға Ақмола облыстық білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің тілдер жөніндегі әдіскері Ғайни Дүйсенова, ішкі саясат басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің бас маманы Рамида Елтаева, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Әсет Байжолов, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Күнім Оразбаева төрелік етті. Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған бүлдіршіндерді Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Уақыт Бейсембаев марапаттады. 1 орынды – «Өркен» бөбекжайының тәрбиеленушісі Рябов Дмитрий мен «Айша» балабақшасының тәрбиеленушісі Илья Полуян, ал 2 орынды – «Мирас» балабақшасының тәрбиеленушісі Вероника Карабач пен «Қуаныш» балабақшасының тәрбиеленушісі Кира Косимова иеленсе, 3 орынды «Мерей» балабақшасының тәрбиеленушісі Ян Гарбовский мен «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиеленушісі Станислав Еськов қанжығаларына байлады. Сайысқа қатысқан барлық бүлдіршіндер дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болды.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий