Бүлдіршін тәрбиесі балабақшадан басталады

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев 3 шіл-деде облыс орталығындағы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі жөндеу, тұр-ғын үй аулаларын абаттандыру жұмыстарымен танысты. Атқарылған жұмысқа лайық-ты бағасын беріп, орын алып отырған кемшіліктерді дер кезінде жою жөнінде тапсырма берді.

IMG_5623Ендеше, бұл нысандарды дер кезінде жөндеп, олардың оқу бағдарламасына сай болуын қамтамасыз ету бүгінгі басты талап.

«Ақбота» балабақшасының кабинеттерін аралап көрген қала басшысы мұнда бүлдіршіндер үшін қолайлы жағдай жасалғандығына көз жеткізді. Мекемеде бүгінде 97 бала тәрбиеленуде. Балабақша нысанын аралап көрген қала әкімі жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасына көңілі толатындығын жеткізді. Бұдан соң қала әкімі Е.Маржықпаев Бұқпа тауына көтерілетін баспалдақ құрылысын барып көрді. Жақын күндері бұл жер көркем Көкшетауда дене шынықтырып, денсаулықты түзеп, көңіл сергітуге қолайлы жерге айналарына сенім білдірді. «Таза ауамен тыныстап, айналаға жоғарыдан көз салып, өмірі қайнаған қалаға, табиғатқа қарап қызықтау көңіл сергітеді, күйзелістен арылтады. Біз де Бұқпа таудағы баспалдағымызды айшықтап, жарнамалап, өз тұрғындарымыздың денсаулығы мен шат көңіл-күйі үшін кеңінен пайдалануымыз қажет», – деді қала басшысы. «Достық» балабақшасында осы уақыт ішінде бірде-бір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. Қазір әбден тозығы жеткен мекеменің есік-терезелері мен ескірген едені, жылу желілері ауыстырылуда. Мердігер компания мұндағы күрделі жөндеу жұмыстарын жақын арада аяқтауды уәде етіп отыр. Жөндеу жұмыстары аяқталып қалған бөлмелерді аралап көрген қала әкімі электр, жылу жүйесіне қатысты да ұсақ-түйектің бәрін ескеруге кеңес берді.
Қаланың ажарын ашатын сәулетті ғимараттар мен түзу де кең көшелер жанға шуақ сыйлайды. Әйтсе де көзге оғаш көрініп, қаланың көркін кетіретін көріністер де жоқ емес. Қала басшысы Вернадский көшесі, 11, Привокзальная, 24 мекенжайларындағы аулаларға да бас сұқты. Мұндағы кіреберіс жолдарға күрделі жөндеу жүргізілді. Ендігі жерде балалар алаңқайын орнатып, кәріздік жүйені қалыпқа келтіру қажет. Әкім сапар барысында жергілікті тұрғындардың пікірін тыңдады. Осындағы тұрғын үйлер маңайын абаттандыру тапсырылды. Аулаларды аралау барысында көтерілген барлық мәселені жіті назарда ұстап, шешімін табуға жәрдемдесетінін айтты. Көшелердің сан-мыңдаған тірлігіне араласып, оны оңтайлы шешу оңай атқарыла салар шаруа емес. Мәселен, жол жөндеу, жаңбырдағы лай судың ағатын жерлері, адам жүретін тротуар мәселелерінің өзі инженерлік жүйеге сәйкес жүргізілуін талап ету маңызды шаруа.
Сосновая, 17 мекенжайындағы «Білім әлемі» жекеменшік балабақшасында бүлдіршіндердің білім мен тәрбие алуына жан-жақты жағдай жасалған. Мекемеде тәрбиеленушілердің өз қолдарымен жасаған бұйымдары шебер жасалған. Балабақша тәрбиеленуші әрбір баланың бойындағы болмысын ашуға, өз ойын еркін жеткізе алатын жеке тұлға етіп қалыптастыруға бағытталған. Әрине, кез-келген ата-ана өзінің баласының балабақшада да үйдегідей қамқорлық пен назарда болғанын қалайды. Барлық мекемелерді аралау барысында қала басшысы балабақшаларда тамақ түрлерiн көбейтудi, ойыншықтар мен оқу бөлмелерiн жабдықтауды жолға қойып, өзара бәсекелестiкке қабiлеттi болып, берiлетiн бiлiмнiң сапалы, тәрбиенiң саналы болуына назар аударуды тапсырды.
Биыл ашылған «Жалын құс» балалар орталығында болған қала әкімі жүргізілген жұмысқа қанағаттанарлық сезімін білдірді. Мекеменi аралап, балалардың ойын және жатын бөлмелерiн көрдi. Балабақшада маман кадрлар толық – әдіскер, психолог, денешынықтыру, орыс тілі, ағылшын тілі мамандары, көптеген тәрбиешілер жоғары білімді, саз-би жетекшілері, басқа да тәрбиешілердің көпшілігі тәжірибелі педагогтар. Педагогикалық ұжым хал-қадерінше түрлі шаралар, са-йыстарда өздерін көрсетіп бағуда. Арнайы топтар ашу қарастырылып отыр. Қала басшысы балабақша ұжымының өтініші бойынша ғимарат маңындағы ескі гараждардың сүрілетіндігін жеткізді.

 

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс