Бәрі адам үшін жасалмақ

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың әрбір жұмыс сапары қолға алынған шаралардың жоспарлы түрде сапалы атқарылуын қамтамасыз етіп, орын алған кемшіліктердің де дер кезінде түзетілуіне игі ықпал етуде. Атқарушы билік органдары тарапынан мұндай қамқорлықты шынайы сезінген мердігерлік ұйымдардың басшылары мен жұртшылықтың айтар алғысы шексіз.

Қала әкімі 29 маусымда «Мәңгі алау» аймағындағы «Капитал» тұрғын үй-кешеніндегі фитнес-клубта болды. Мұнда осызаманғы құрал-жабдықтар орнатылған. Медициналық көмек алатын душ және массаж кабинеттері бар. Бұл спорттық нысан 100 адамға лайықталыпты. Коммерциялық негізде салынып жатқан бұл тұрғын үй-кешенінің астындағы паркинг 170 автокөлікке арналған. Мердігерлердің айтуына қарағанда, сатылып кеткен пәтерлер тұтынушыларға әрлендірмеген күйінде беріледі. Өйткені, пәтердің іші сырланып-сыланып безендірілуі адамдардың өз қалауына байланысты. Аулада балаларға арналған ойын және спорт алаңы жасалған. Дегенмен де, қала әкімі көпқабатты бұл тұрғын үйдің сыртқы ажарына нұқсан келтіретін кейбір кемшіліктерге назар аударды. Мердігерлер оны қысқа мерзімде түзетуге уәде берді. Жұмыс сапары «Ана үйі» қоғамдық қорының Көкшетау филиалында аяқталды. Күрделі жағдайға тап болған аналарға арналған әлеуметтік қайырымдылық үйіне қала басшысы бос келген жоқ. Қажетті азық-түлік тағамдарын тарту етіп, онда тұрып жатқан аналармен әңгімелесті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс