Бәрі де заң аясында болуы керек

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Әдеттегідей, кезекті қоғамдық қабылдауда тұрғындар тарапынан түскен сұрақтардың басым бөлігі – жер телімі, пәтер мәселелері.

Қабылдауға алғашқы болып кірген қала тұрғыны Людмила Михайлова қосымша жер телімін бөлуді сұрады. Тексере келе өтініш иесінің жерге қатысты құжаты дұрыс еместігі анықталды, оның тұрып жатқан үйіне ғана жер актісі бар болып шықты, ал сол маңдағы басқа қора-жайлар аумағы заңдастырылмаған. Мамандар жер қатынастары бөліміне қайта өтініш жазып, жағдайды ретке келтіруге болатынын түсіндірді.
Зейнеткер Өмірбек Темірбеков ауыр науқас түрімен баспана кезегінде 4254-ші болып тұрғанын, кезектің жылжымай жатқанын қынжыла баян-
дады. – Өздеріңіз де құлағдарсыздар, қазір тұрғын үй құрылысы қарқынды жүруде. Қалада сіздің жағдайыңыздағыдай мыңдаған адам бар, – деген қала әкімі пәтер тек заң аясында кезекпен берілетінін айтып, түсіндірді. Қала тұрғыны Гүлбану Сатыбалдинова тапсырылатын жаңа пәтерлердің сапасына қатысты са-уал қойды. Әкім жаңа үйлердің барлық талапқа сай салынып жатқанын, оның сапасын тиісті органдар қадағалайтынын айтып түсіндірді. Индира Күйтенова есімді қала тұрғыны облыс орталығынан пәтер алуға көмек көрсетуді өтінді. Осыған қатысты құжаттарды тексеру кезінде оның тұрғын үй кезегінде тұрмағаны анықталды. Қала басшысы кезексіз ешкімге үй берілмейтінін тұрғынға ескерте отырып, жауапты органдарға бұл жағдайды жіті анықтауды тапсырды. Қабылдауға келген Анастасия Кончак тұрғын үй кезегінде 1170-ші болып тіркелгеніне қарамастан кезексіз пәтер алудан үмітті. Үй кезегінде 2944-ші болып тіркелген қала тұрғыны Динара Жүзбаева кезектің баяу жылжып жатқанын жасырмады. «Қай-қайсыңыздың да жағдайыңызды түсінемін. Айтылған өтініштер ескерусіз қалмайды. Шешу жолдарын қарастырамыз. Бірақ, тағы қайталап айтамын, әрбір адам өз кезегімен заң жүзінде пәтерге ие болады», – деді қала басшысы. Барлық өтініштер бойын-
ша азаматтарға түсінікте-ме және нақтылы жауаптар берілді. Тиісті бөлім басшылары да туындаған сауалдардың шешімін табуы назарға алынатынына уәде берді. Қала әкімі А.Смайылов қабылдауда көтерілген мәселелердің жіті бақылауда болатынын атап өтті.

Ә.ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий