Бәрі де халық игілігі үшін

Мәдениет – адамзат жасаған және жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттері мен мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы. Бұл орайда мәдениет мекемелерінің басты мақсаты – мәдени іс-шараларды ұйымдастыру арқылы рухани құндылықтарды нығайту.

Бүгінгі күні қалалық мәдениет мекемелерінің жұмысы мемлекеттік және ұлттық мерекелерді, бұқаралық іс-шараларды, фестивальдарды, шоу-бағдарламаларды кәсіби ұйымдастыру және биік деңгейде өткізумен сипатталатын, қалыптасқан мәдени орталықтың жаңа модельдік желісі іспеттес. Қаланың мәдени өмірінде басты рөл – «Дос-тар» мәдениет сарайына тиесілі. Онда 15 шығармашыл қызметкер еңбек етеді. Оның ішінде көркем ұйымдастырушы, «Мәдениет қайраткері» Тамара Малько, бос уақытты ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Сәуле Ысқақова, әдістемелік бөлімнің меңгерушісі Бейбіт Кешу, халық шығармашылығының меңгерушісі Екатерина Ивашененконы ерекше атап өткен жөн.
Қалалық кітапханалар желісінің үйлесімді жұмысы бос уақытты, коммуникативтік, ақпараттық-ағартушылық қызметті сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Тұрғындарға жаңа ақпараттық ресурсты пайдалануға қарапайым жағдай жасайды.
2014 жылы Станционный қалалық кітапханасының меңгерушісі Валентина Грошикова Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, қалалық ақпараттық-кітапханалар желісі директорының орынбасары Ләйлә Сейітова «Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы және кітапханашылар ассоцациясының ардагері» медалімен марапатталды. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанында тілдерді оқыту орталығы да өз жетістіктерімен танымал. Ересектерге мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту және қала бойынша тілдерді дамыту бағытында жұмысты жандандыруға зор үлестерін қосуда.
Биылғы жылы еліміз үшін атаулы және ауқымды мерекелер көп болды. Атап айтсақ, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз Тәуелсіздік алаңында кең ауқымда мыңдаған халықтың қатысуымен аталып өтті. Алаң мерекеге сай безендіріліп, радиогазеттен еліміздің жетістіктері, салт-дәстүрлері, татулығы мен ынтымағы туралы баяндама оқылды. Облыс әкімі Мәлік Мырзалин жиналған қауымды жылы сөздерімен құттықтады. Көкшетаулықтар ұлттық спорт ойындарын тамашалап, түрлі қойылымның куәсі болды. Наурыз мерекесін тойлауға келген көпшілік 8 бөлімнен тұратын театрландырылған қойылымдарды тамашалады. Олардың әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы бар. Бірінде қазақи салт-дәстүрлер көрсетілсе, келесінде еліміздегі халықтар достастығы сипатталды.
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Ақмола жұлдыздары», «Қуатты Қазақстан – баянды болашақ» қалалық ұлттық шығармашылық байқауына қаламыздың 92 кәсіпорны, мекемелер мен оқу орындарынан 15500 адам қатысты. 9 мамыр күні еліміз Ұлы мереке – Жеңістің 72 жылдығын тойлады. Біз үшін бұл күн ерекше маңызға толы. Осы шараны кең көлемде атап өтуге белсене ат салыстық. Тарихи ұрпақ жалғастырушылығын сақтап, өткен шаққа ұқыпты қарауға орай рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық сананы қалыптастыру мақсатында «Даңқ» аллеясында «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» митингісін өткіздік. «Жетістік, салтанат, мейрам!» атты театрландырылған қойылымның концерттік бағдарламасын да біздің мамандарымыз дайындады. Он кезеңнен құралатын «Мәңгілік естен кетпес отты жылдар!» театрландырылған көрінісі көрсетілді. Алаңда соғыс жылдарындағы оқиғаларға жақындатылған әскери көрініс қойылды. Аталған іс-шараға қатысушылар саны 1400 адамды құрады, бұл: Көкшетау қаласының шығармашылық ұжымдары, Ақмола облысы ішкі істер департаментінің солистері, әскери-патриоттық әндер конкурсының жеңімпаздары, Көкшетау техникалық институтының курсанттары, №5510 әскери бөлімнің сарбаздары, жоғары және орта оқу орындарының студенттері және қаламыздың орта мектептерінің оқушылары.
Біз атқаратын жұмыстар қысы-жазы бір толастамайды. Басты мақсатымыз – мерекелік шараларды өз деңгейінде ұйымдастырып, халықтың көңілінен шығу. Бұл жолда алдағы уақытта та аянбай еңбек ете береміз.

Айгүл СӘБИТОВА,
Көкшетау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс