Вернадский көшесі 11 үйдің жағдайы қанағаттанарлық

Көкшетау қаласының әкімдігі және теміржол бөлімшесі 1995, 2004 жылдары Вернадский көшесі 11 үйде бірқатар жөндеу жұмыстарын атқарды. Ғимараттың іргетасын сейсмикалық күшейту, подъездер алаңдарын жөндеу, әр қабат бо-йынша панельдерді орап, нығайту жұмыстары жүргізілді.

Тұрғындардың өтініші бо-йынша «Аксамит» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2012 жылы бұл үйдің техникалық жағдайына апатты деген баға берді. Бұл мәселе төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысында жан-жақты талқыланды. Алайда, тексеріс жүргізген әлгі серіктестік мамандары қалыптасқан жағдайды дұрыс бағамдап, өз пікірлерін растай алмады. Жыл өткеннен кейін қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімі қайтадан әлгі үйдің техникалық жағдайына тексеріс жүргізді. Бұл жұмыспен айналысқан «Құрылыс сапа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сарапшылары: «Вернадский 11 үйдің жағдайы қанағат-танарлық, әрі қарай пайдалануға жарамды, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек», – деген шешім шығарды. Тұрғындардың ынта- ықыласы болмағандықтан бұл үй 2013, 2014, 2015 жылдарғы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жөніндегі бағдарламаға енгізілмеді. Соған қарамастан қала әкімінің тапсырмасы бойынша 2015-2016 жылу беру маусымына орай «МЖД сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің авариялық бригадасы 1,5 миллион теңгеге құбырларды және фитинигтерді ауыстырып, жылу жүйелерін опрессовкалау, жуу жұмыстарын атқарды. «Көкше-қамқор» және «Көкше Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарының көмегімен бұл үй ағымдағы жылу маусымына дайын етілді. Бүгінгі таңда арнайы құрылған жұмыс комиссия-сы тексеріс актісін дайындауда. Оның негізінде үйдің техникалық жағдайына жаңа мамандандырылған тексеріс жүргізу жоспарланды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс