Волонтерлер мұқтаж жандарға көмек көрсетуде

Ақмола облысында волонтерлер мұқтаж жандарға антисептикалық құралдар, медициналық маска және әлеуметтік маңызы зор азық-түлік тауарларын таратып жатыр. «Біз біргеміз!» «Nur Otan» бірыңғай республикалық акциясы шеңберінде көмек бірінші кезекте жалғыз басты қариялар, ерекше мұқтаждығы бар көпбалалы отба-сыларға көрсетілуде. «Волонтерлердің мобильді бригадасы жасақталды. Оның құрамында «Nur Otan» партиясының өкілдері мен «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері бар. Олар жалғызбасты қариялар мен көпбалалы отбасыларға «есіктен есікке» қағидасы бо-йынша қайырымдылық шарасын өткізді. Әлеуметтік себетте гигиеналық заттар, азық-түлік, медициналық маска және жергілікті «Тұрмыстық химиялық зауыт» ЖШС-нің анти-септикалық өнімдері бар», – дейді «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы Динара Дүйсенова. Акция барысында волонтерлер облыс орталығында тұратын әлеуметтік жағынан тұрмысы төмен 100-ден астам отбасына көмек көрсетуде. «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ғалым Бекмағамбетовтың айтуынша, өңірде қайырымдылыққа қол ұшын созуға дайын партия мүшелері жеткілікті. «Біз Ақмола облысы аумағында тұратын көпбалалы отбасыларға, әлеуметтік жағынан аз қамтылғандарға, соғыс ардагерлеріне, жалғыз басты қарияларға көмектесеміз. Бізде мұқтаж жандардың тізімі бар. Сол бойынша азық-түлік жеткізіп береміз. Алдын ала хабарласып, не қажет екенін сұрап біліп аламыз. Акция одан әрі жалғаса беретін болады», – деді Ғ.Бекмағамбетов. Бұдан бөлек партияның Ақмола облыстық филиалының мүшелері коронавирус-пен күресу үшін бір күндік еңбекақыларын аударды.

Өз тілшіміз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий