«Вurabike Fest» фестивалі – рекордтық деңгей

Бурабайда дәстүрге айналған VII «Burabike Fest-2019» спортты-музыкалық фестивалі өтті. Оның ашылу салтанатында облыс әкімі Ермек Маржықпаев, велоспорттан Олимпиада чемпионы Александр Винокуров, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов сөз сөйледі.
бурабай байк 3«Биылғы шараны өткізу форматын өзгерттік. Ондағы мақсат – шара қайырымдылық болғандықтан, оны тек веложарыс деп шектемей, аясын кеңейтіп фес-тиваль деп атауды жөн көрдік және өткізу форматын да өзгерттік. Біріншіден, фестиваль екі күнге созылады, екіншіден веложарыстан бөлек қатысушыларға концерттік бағдарлама мен басқа шеберлік сабақтары сияқты пайдалы іс-шаралар ұйымдастырылады. Форматын өзгертудің тағы бір себебі жыл санап қатысушылар санының өсуі, былтыр 2500 адам қатысса, биыл рекодтық көрсеткішке жетіп, қатысушылар саны 4 мыңға жуықтады», – деді Б.Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов. Оның айтуынша, аталған қайырымдылық шарадан өткен жылы 205 млн теңге жиналып, ол қаржы Мерке (Жамбыл облысы), Тимирязев (Солтүстік Қазақстан облысы), Панфилов (Алматы облысы), Алакөл (Алматы облысы), Ағадырдағы (Қарағанды облысы) медициналық мекемелерге арнап медициналық және оңалтушы жабдықты сатып алу үшін бағытталды. Фестиваль барысында кәсіби велоспортшылар 35-70 шақырымды бағындырса, әуесқой велосипедшілер 10 шақырымды жүріп өтеді.
«Қорға фестиваль басталмай тұрып, 130 млн теңге көлемінде қаражат жиналды. Бүкіл қаржы қайырымдылыққа бағытталады», – деді ол. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Burabike Fest-2019» фестивалі аясында қайырымдылық аукционы өтіп, онда Қанат Ислам және Геннадий Головкиннің қолғабы, Дмитрий Баландиннің жүзу телпегі, Батырхан Шүкеновтың альбомдар жинағы, Андрей Звягинцевтың қолтаңбасы қойылған «История создания фильма Елена» кітабы, Рафаэль Надальдың теннис добы және тағы да басқа көптеген лоттар қойылды.

Г.БӘЙІШЕВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий