Газетті мерейтойымен құттықтады

Көкшетау қалалық әкімдігінде «Көкшетау» газетінің 90 жылдық мерейтойына орай арнайы шара өтті. Газет ұжымы, оның ардагерлері шақырылған жиынға қала әкімі Амангелді Смайылов қатысып, қаламгерлерді межелі мерекелерімен құттықтап, Алғыс хаттар, газеттің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 5 миллион теңгенің сертификатын табыс етті.
1930 жылдың 17 қыркүйегі күні «Колхоз жолы» болып өз жолын бастаған «Көкшетаудың» 90 жылдығы дәл 17 қыркүйек күні құттықталуының өзі қалам ұстаған қауымның көңіліне оң әсер еткен. Тағдырлы жолы бар тарлан газеттің 14213-ші нөмірі дәл осы бейсенбіде өзінің талайлы тағдырын, басынан өткерген оқиғаларын, атсалысқан қаламгерлерін, жүрген жолын жалаулата жазып, бұрынғы қызметкерлерінің суреттерін жариялап, шежіресінен сыр шерткен мерекелік нөмірі жарық көрген еді.
Жиынға «Көкше-Media» ЖШС-нің директоры Жалғасбек Сүлейменов модераторлық етіп, жиылған қауымды газет мерейтойымен құттықтап, шараға шақырылған қонақтармен таныстырып, басылымның өткен жолын баян етіп, алғашқы сөзді Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайыловқа берді. Ол газет ұжымын және шараға қатысып отырған газеттің ардагерлерін атаулы мерекемен құттықтап, оларға мықты денсаулық пен шығармашылық табыстар тіледі. Құттықтау сөзінен кейін А.Смайылов «Көкшетау» газетінің әр жылдарғы редакторлары – Жабал Ерғалиевке, Төлеген Қажыбаевқа, Балталы Сәрсенбаевқа, Қайырбай Төреғожаға, Жалғасбек Сүлейменовке, бүгінгі редакторы Серік Жетпісқалиевке, газет ардагері Рүстем Бермағанбетовке Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың Алғыс хатын, газет редакция-
сына 5 миллион теңгенің сертификатын, қала әкімінің Алғыс хаттарын газет қызметкерлері Гәкку Бәйішева, Әсем Құлжанова, Күлжиян Айтманова, Алтын Зағыпарова, Алма Тоқмолдиналарға, газет ардагерлері Сайлау Көшкенұлы мен Шынар Байтықоваларға табыс етті.
«Көкшетаудың» тұңғыш редакторы Жабал Ерғалиев, ардагер журналистер Балталы Сәрсенбаев, Сайлау Көшкенұлы, Қайырбай Төреғожа, басылымның бүгінгі басшысы Серік Жетпісқалиевтер құттықтау сөздер сөйледі.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий