Газ қызметі жіті бақылауда

Көкшетау қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті жиыны өтіп, кеңес мүшелері қала тынысына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Алдымен қалалық тұрғын үй-комуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Әділет Рахымжановтың «Көкшетау қаласында орталықтандырылған газбен қамту және коммуналдық газ тарату қондырғыларын жекешелендіру» туралы есебі тыңдалды.

Оның хабарлауынша, бүгінгі күні қалада 240 газ тарату қондырғылары тіркелген. Оның 124-і қалпына келтірілді. Осылайша 285 көппәтерлі тұрғын үйлер орталықтандырылған газбен қамтылды. Қондырғыларды қалыпқа келтірумен «Көкшетау-Транс-Газ» ЖШС айналысуда. «Газ Қызмет» ЖШС, «Джуркин М.В.» ЖК тұрғын үйлерге газ қосады. Отырысқа қатысушылар бұған дейін газ жетіспеушілігі мәселесі тұрғындарға жете түсіндірілмегенін, осының салдарынан көпшілік қауіп-қатерге бастарын тігіп көпқабатты үйлерге газ баллон тасуға мәжбүр болғанын алға тартты. Сүлейменов, Гагарин көшелеріндегі үй тұрғындары тарапынан шағым көп түскен. Апталап газ болмаған жағдайлар да орын алғаны белгілі. Мәселе қайта өңделген газ электронды сауда алаңына шығарылғаннан кейін туындаған. Ал, онда газ биржасында қандай жеткізуші ең жоғары баға қойса, сол сатып алады. Биржадағы бағаны мемлекет мүлде реттемейді. Сол себепті газ жеткізуде түйткілдер орын алған. Қазіргі уақытта жағдай реттеліп, «Көкшетау-Транс-Газ» ЖШС газ жеткізумен айналысуда.

Қоғамдық кеңесте Көкшетау қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметке сараптама бөлімінің жетекшісі А.Хайдаров «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жасалып жатқан іс-шаралар», қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Қ.Ахметов «Жаңа атаулы әлеуметтік көмек түрін жүзеге асыру барысы» туралы баяндады.

Жиынды аталмыш қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Бегалин жүргізді. Кеңеске қалалық мәслихаттың хатшысы Р.Қалышев қатысты.

Ә.ҚҰЛЖАНОВА

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий