Галстуксыз өткен кездесу

«Шындық тайм». Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында осындай атаумен жастармен галстуксыз кездесу өткізді. Өңірдің үздік студенттері қатысқан шарада қала басшысына түрлі тақырыпта сауал қойылды, әзіл де айтылды. Елбасы жариялаған биылғы жастар жылы қорытындыланды. Қала әкімі шаһардағы кәсіптік және техникалық, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының студенттері әзірлеген үздік жобалармен, олардың жетістіктерімен танысты. Мұнда қолданбалы қолөнер көрмесі мен сурет галереясы да қойылды. Ал, қала басшысы жастарға ізгі тілек білдіріп, жетістікке жетудің кілті – білімде екендігін айтты. «Елбасы жастар жылын жариялаған кезде олардың тәрбиесіне көп көңіл аударды. Патриот, бәсекеге қабілетті, адал, және өз ісінің білікті маманы болуға шақырды. Өмірде жетістікке жету үшін көп оқу керек. Сендер менің осы пікіріммен келісесіңдер деп ойлаймын. Ол үшін көп ізденіп, жан-жақты болу қажет. Ең маңызды капитал – жоғары білім екендігін ұмытпаңдар. Әрдайым өздеріңді дамытып отырыңдар!» – деді қала әкімі. Бүгінде Көкшетауда тұратын және білім алып жатқан 43 мыңдай жас бар. Олардың баспаналы болуы үшін 2020-21 жылдарға арналған «Ақмола жас-тары» өңірлік, сондай-ақ, өзге де мемлекеттік бағдарламалар әзірленген. Жас келсе, іске дейді қазақ. Биыл «Жас прожект» жобасының 62 қатысушысы дүниежүзілік банк арқылы өз әлеуметтік жобаларын жүзеге асыруға ақшалай грант алды. Ал, студенттердің өзі осы жылдың өзге жылдан артықшылығы көп дейді. Тұңғыш Президент жас-тар жылын жариялаған кезде олардың барлығы еңбекпен қамтылсын деген болатын. Бүгінде өңірде білікті мамандар тапшы. Сондықтан, алдағы 2020 жылы студенттерге бөлінетін мемлекеттік оқу грантының саны ұлғаймақ. Бұл жастарға жасалатын мүмкіндіктердің тек биылмен шектелмейтіндігін біл-діреді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий