Дайындықта босаңдық болмасын

Қала әкімі Ермек Маржықпаев қалалық мекемелер және барлық бөлімдер жетекшілерінің қатысуымен жиын өткізді. Онда әр саланың үстіміздегі жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылап, мерекелі жылға лайықты тартулар әзірлеу керектігі ескертіліп, бүгінгі таңдағы қол жеткізіп отырған межелер сараланды. Кем-кетіктер айтылып, оны ретке келтіріп, есеп берер уақыттар белгіленді.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өтетін шаралар жоспарлары пысықталып, оған дейін атқарылар істер тағы да тиянақталды. Осыған орай қала басшысы мерекеге жақсы көрсеткіш, табыстармен келу керектігін нықтап айтты. Сондай-ақ, қаланың безендірілуі, тазалығы, қызмет көрсету салаларының жұмыстары қалтқысыз болуы тиіс. Міне, биылғы қыстың алғашқы аязы да келді. Жылу беруде еш кінәрат бол-
мауға тиіс. «Көкше жылу» кәсіпорнының басшысы Сергей Жуков, Красный Яр кентінің әкімі Базарбай Әбуов, Станционный кентінің әкімі Есей Байдалин мен қала тазалығына тікелей жауап беретін мекеме басшыларының атқарған жұмыстары туралы мәлімет-деректері тыңдалды. Тек көлік жүрер күре жолдар ғана емес, жаяу жүргінші жолдарының да қары тазаланып, мұздары алынып, үнемі күтімде болуы қатаң ескертілді. Расында да, қалада Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралар басталып кетті. Олар алға қарай жиілей түспек. Демек, ел қуанышын, ұлы тойды үлкен ұйымшылдықпен өткізу баршамызға міндет.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс