Дайындық барысы пысықталды

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев-тың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтіп, онда Наурыз мейрамына әзірлік барысы пысықталды.

Кеңес басында қала басшысы Ұлыстың ұлы күнін жоғары деңгейде өткізу қажеттігіне тоқталып, Әз Наурыз ежелден желісі үзілмей жеткен ұлттың ұлық мейрамы екендігін баса айтты. – Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз Наурыз дана халқымыз үшін еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Сондықтан, осынау мейрам қаламызда кең көлемде әрі жоғары деңгейде өткізілуі тиіс, – деді қала әкімі.

Наурыз мейрамына әзірлік жұмыстары мен мерекелеу тұжырымдамасы жөнінде қала әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова баяндады. Қалада өткізілетін мерекелік іс-шаралар туралы қалалық мәдениет бөлімінің жетекшісі Айгүл Сәбитова айтып берді. Мереке қарсаңында көшелерге баннерлер, билбордтар ілініп, Нау-рыз нышаны – қызғалдақ түріндегі сәнді сәулетті пішіндер орнатылуда. Негізгі шаралар 21 наурыз күні сағат 11.00-ден 17.00-ге дейін Абылай хан алаңында, спорттық шаралар Тәуелсіздік алаңында өткізіледі. Киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар орнатылады. Арнайы әзірленген мерекелік композицияға 1500 адам қатысады деп күтілуде. Осыған байланысты 20 наурыздың кешінен 22 наурыздың кешіне дейін Абай көшесінің осы учаскесі көлік қозғалысы үшін жабылады. Биыл халық арасында қазақ күрес, арқан тартыс, гір көтеру, қой көтеру сияқты ұлттық ойындар ойнатылады. Мереке күні театрландырылған көріністер мен қала өнерпаздарының күшімен дайындалған концерт көпшілік назарына ұсынылмақшы. Сондай-ақ, қазақстандық эстрада жұлдыздарының бірі – Әлішер Кәрімов көкшеліктер үшін өнер көрсетеді деп күтілуде. Халық серуендейтін барлық жерлерде ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіліп, мерекелік бағдарламалар, конкурстар, ойындар, түрлі жарыс-тар ұйымдастырылады. Бұдан бөлек басқа да спорттық іс-шаралар, мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылады деп күтілуде. Бұл күні қайырымдылық акцияларын өткізу көзделуде.

Кеңес қорытындысы бойынша қала басшысы нақты тапсырмалар беріп, Наурыз мейрамына дайындалуға қатысты бірқатар міндеттер жүктеді.

Ә.ҚҰЛЖАНОВА.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий