Дайындық жұмыстары пысықталды

«Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола филиалының жетекшісі Ерлан Жақымұлы Закирьянов бұқаралық ақпарат өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз-конференцияда «2021 жылғы 25 шілдеде Ақмола облысындағы ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлау процесін партиялық емес бақылауға дайындық туралы» баяндады. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын бақылау үшін елімізде «Партиялық емес бақылау орталығы» республикалық қоғамдық ұйымы өз жұмысын жолға қойды. Оның қызметі сайлауды, оның ішінде сайлау учаскелерінде бақылау мен мониторинг жүргізу арқылы сайлау процесіне жүйелі қатысуға бағытталған. «Біздің филиал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің алдағы сайлауын бақылауға белсенді қатысады. Қазіргі уақытта біз өз бақылаушыларымыз үшін оқыту іс-шаралары циклін жүргізіп жатырмыз. Сайлауды тиімді партиялық емес бақылау және бақылау әдістемесі мен технологияларына қашықтықтан оқыту ұйымдастырылды. Сабақтар сериясы тыңдаушыларды Қазақстанның сайлау заңнамасымен, сайлау процесінің барлық кезеңдерін мониторингілеу ережелерімен таныстырады», – деді өз сөзінде Ерлан Жақымұлы. Негізінен саяси науқанды бақылау мемлекеттік билікке деген сенімді арттыру үшін өте маңызды құрал болып табылады. Қазіргі таңда Ақмола облысында партиялық емес бақылау орталығының филиалы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің базасында жұмыс істейді.Филиал 493 байқаушыны (оның ішінде – 67 мобильді байқаушы, 426 стационарлық байқаушы) оқыту жоспарлаған. Сөз соңында Ерлан Жақымұлы ауыл әкімдерінің алдағы тікелей сайлауы-саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіретін өте маңызды оқиға екенін айтып өтті: «Сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығын бақылау үшін бізде сайлауды бақылау саласында үлкен тәжірибесі бар команда құрылды. Ашық және тәуелсіз сайлауды қамтамасыз етуге біз ортақ күш-жігерімізбен елеулі үлес қосамыз».

Айғаным АСЫҒАТОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий