Дайындық тексерілді

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев 25 желтоқсанда Станционный поселкесі мен Красный Яр селосының жаңа жылға дайындығын тексеріп, тиісті мекеме басшыларына нақтылы тапсырма берді.

Сапар барысында қала басшысы елді мекендердің мерекелік безендірілуіне және оған жергілікті бизнес нысандарының үлес қосуына айрықша назар аударды. Мәселен, Станционный поселкесінде бұл күні шырша орнатылып, сырғанақ ғана жасалған. Сол себепті Ермек Боранбайұлы поселке әкіміне орталық скверді тез арада абаттандырып, мектеп оқушыларының, кішкентай бүлдіршіндердің сырғанақ тебуіне қолайлы жағдайлар жасауды тапсырды. Красный Яр селосындағы биіктігі 10 метр жасыл шырша мерекеге сай безендіріліпті. Тек мұзды қалашықтағы жұмысты аяқтап, халықтық серуен өтетін орындарды безендіру керек. Өкінішке орай, осынау игілікті шаралардан жергілікті коммерциялық құрылымдар шет қалып отырған сияқты. Өйткені, бюджеттік мекемелердің безендірілуі оларға қарағанда әлде қайда жақсы.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий