Дайындық шаралары пысықталды

Облыс әкiмi Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласы бойынша жұмыс сапары барысында эпедемияға қарсы шаралармен танысты, су тасқынына және Қазақстан мен Ресей арасындағы алдағы күзде өтетiн шекара маңы ынтымақтастығы форумына дайындықты тексердi. Атап айтқанда, Көкшетаудағы  блок-постыларды жедел орналастыру бойынша жаттығулар өткiзу шеңберiнде автопатрульдеу, көшi-қон полициясы және санитарлық қызмет күштерi тартылды. Карантин енгiзiлгеннен кейiн Көкшетау қаласының айналасында 12 блок-пост орналастырылады, оның әрқайсысында оннан астам адам тартылатын болады. Облыстық полиция департаментiнiң бастығы Арманбек Баймурзиннiң айтуы бойынша облыста барлығы 88 блок-пост жоспарлануда. Сонымен қатар, облыс периметрi бойынша, атап айтқанда, кiреберiс жолдарда тағы сегiз блок-пост болады. «Барлығына дайын болуымыз қажет, жағдай тез өзгеруде. Қала жұмылдырылуда, жергiлiктi кәсiпорындар ИВЛ аппаратын, медициналық маска, қорғаныс костюмдерiн шығаруды қолға алды, аулалар, кіреберiстер, аялдамалар, тротуарлар, тұрақтар тазалануда. Негiзiнен Көкшетау қаласының дайындығы жаман емес, алайда мұндай жұмыс барша облыс көлемiнде жүргiзiлуi тиiс», – деп атап өттi Ермек Маржықпаев.  Красный Яр ауылына кiреберiсте Шағалалы өзенiнiң үйме дуалмен нығайтылған жағалауына барған облыс әкiмi Қылшақты өзенiнiң жағалау аймағын инерттi материалдармен қосымша нығайтуды және жеке меншiк секторды су басуға жол бермеу бойынша басқа да шаралар қабылдауды тапсырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий